ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ұлттық тәрбие мәселесі туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен «тәрбие» сөзінің, термин ретіндегі, ғылыми категория ретіндегі, жылпы үдеріс ретіндегі мағыналарына тоқталып өткеніміз жөн. «Тәрбие» сөзі білім саласында да, ағартушылық бағытында да халық арасында ең көп қолданылатын, мағынасын әркім әртүрлі түсінетін күрделі сөз. Ресми педагогика ғылымында да нақты анықтамасы айқындалмаған көп пікірталас тудыратын ғылыми категория. Жалпы мағыналары ұқсас болғанымен бір-бірімен үйлесе бермейтін жиырмадан астам анықтамаларды талдай келе тәрбие үдерісінің педагогика ғылымындағы әлі де нақты шешімін таппай тұрған проблема екенін түсінуге болады. Білім беру мен тәрбие беру бірінсіз бірі іске аспайтын, ылғи да бірге жүретін тел қозыдай егіз үдеріс екені белгілі. Алайды білім берудің диагностикасы, мониторингі мен өлшеу құралдары толық жетілгенімен, тура сол сияқты тәрбие үдерісінің өлшеу критерийлері әлі күнге шейін шешімін таппай келе жатқан мәселе екеніне ешкім көңіл бөле бермейді.
Жалғасы … https://negesh.org/info/view-id?id=3