Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру жолында өзекті деген бірқатар бағытты атап өтті. Ел Президенті ұлттық құрылтай құруды ұсынды.

714

 

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», — деді Мемлекет басшысы.
Жолдау тапсырмасына сәйкес, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі тарқатылып, орнына құрылтай құрылмақ.
Қ.Тоқаев бұл құрылымның атқаратын қызметін, бағытын айқындап берді.
«Құрылтай — қоғамдық диалогтың біртұтас институтционалдық моделін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, Азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасіретті қаңтар оқиғалары мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін екі мыңға жуық адам ұсталды. Мен сол кезде Бас прокуратураға олардың қандай кінәсі барын анықтауды және ауыр қылмысы болмаса, жазасын жеңілдетуді тапсырдым. Соның нәтижесінде көптеген азаматтар қамаудан босатылды.

Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Турасын айтқанда, мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Депутаттарға және бұқаралық ақпарат құралдарына бәрі ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға жауап берілді. Бұл қаңтар оқиғасына әділ баға беруге, ең алдымен, биліктің мүдделі екенін көрсетеді. Мен мұны толық қолдаймын, біз ақиқатты айтуымыз керек. Бұл – менің жеке қағидатым.
Бұл құрылым халықтың көптен бері көкейін кернеген түйткілді мәселелерді талқылап, оны шешудің жолын қарастыратын халық мінберіне айналмақ. Мәселелер мерзімінде сараланып, шешімін тапқан кезде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасының да еш кедергісіз жүзеге асатыны анық. Билік пен халық арасы жақындай түскенде, елдің экономикалық, әлеуметтік, заңдық проблемалары да кедергісіз шешімін табатыны сөзсіз.

Гауһар ТӨЛЕПОВА,
«Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.