Шымкент қаласында 800 төсек-орынға арналған университеттік көпбейінді аурухана мен бір ауысымда 700 адамды қабылдай алатын клиникалық-диагностикалық аурухананың құрылысы басталды.

507

 

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жобаның жұмысына сәттілік тіледі.
– Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дені сау ұлт тиімді экономика қалыптастырады. Ұлт саулығы – кез келген қоғамдық жүйенің басты байлығы. Қаламызда жаңа, заманауи, көпбейінді аурухана салу халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, төсек-орын тапшылығын болдырмауға, тұрғындарға жоғары технологиялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді, – деген М.Әйтенов қала әкімдігі тарапынан бұл жобаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, университет ауруханасы мен диагностикалық орталық «Оңтүстік қаржы, сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингі есебінен салынады. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 140 миллиард теңге.
Сөз кезегінде «САУТС-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжанов мегаполисті көркейту, әлеуетін дамыту жолында аянбай еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.
– Шымшаһардың гүлденіп, түрленуіне әрбіріміз үлес қосқанымыз жөн. Өйткені, Шымкент – біздің ортақ үйіміз. Ал ұлт саулығы Қазақстан болашағы үшін өте маңызды. Дені сау ұлт қана Отанын дамыта алады, – деді кәсіпкер.
Заманауи аурухана қабылдау бөлімі, ересектер мен балаларға арналған терапия, хирургия бөлімдері, жеке қабылдау бөлімі бар перинаталды блок, жансақтау және интенсивті терапия бөлімі, сұйық оттегі станциясы, патолого-анатомиялық бөлім, сәулелі терапия және ядролық медицина бөлімдері және конференция залы мен әкімшілік, техникалық бөлімдерден тұрады.
Аумағы 40 гектар алқапты алып жататын ауруханада 2 500 дәрігер мен медициналық қызметкер жұмыс істейтін болады. Емдеу мекемесі ең соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға қарай толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.Айта кетейік, университет ауруханасы мен диагностикалық орталық «Оңтүстік қаржы, сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингі есебінен салынады. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 140 миллиард теңге.
Сөз кезегінде «САУТС-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжанов мегаполисті көркейту, әлеуетін дамыту жолында аянбай еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.
– Шымшаһардың гүлденіп, түрленуіне әрбіріміз үлес қосқанымыз жөн. Өйткені, Шымкент – біздің ортақ үйіміз. Ал ұлт саулығы Қазақстан болашағы үшін өте маңызды. Дені сау ұлт қана Отанын дамыта алады, – деді кәсіпкер.
Заманауи аурухана қабылдау бөлімі, ересектер мен балаларға арналған терапия, хирургия бөлімдері, жеке қабылдау бөлімі бар перинаталды блок, жансақтау және интенсивті терапия бөлімі, сұйық оттегі станциясы, патолого-анатомиялық бөлім, сәулелі терапия және ядролық медицина бөлімдері және конференция залы мен әкімшілік, техникалық бөлімдерден тұрады.
Аумағы 40 гектар алқапты алып жататын ауруханада 2 500 дәрігер мен медициналық қызметкер жұмыс істейтін болады. Емдеу мекемесі ең соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға қарай толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.