
Салтанатты марапаттау рәсімі елордадағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде өтті. Астанада өткен салтанатты іс-шарада мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл байқауға мұғалімдердің рекордтық саны, яғни 5,5 мыңнан астам мұғалім қатысты. Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың динамикасын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Олар қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар қойылды және т.б. бақылай алды.
Мегаполисімізде шәкірттерінің сүйікті ұстазы бола білген үлгілі ұстаз, еңбек жолында бірнеше қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен интеллектуалдық байқауларда жеңімпаздар дайындап, өз тәжірибесін республика деңгейінде таратып жүрген шығармашыл ұстаздар іріктеу байқауынан өтіп, республикаға жолдама алған педагогтеріміз “Үздік” атанды.

Дарынды балаларға арналған «№1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты».

«Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты» .

«Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі»
Үздіксіз шығармашылық ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде қол жеткізген жарқын жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!