М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге шақырамыз.

Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Қ. Есенбек, № 11 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б. Әлиевпен Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушыларына М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясындағы мамандықтарымен таныстыра кетті. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерімен, бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерінде айта кетті. Іс шара соңында жадынама парақшалары таратылды.

 

Сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігі тексерілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтуіне орай Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сайлауды өткізу кезеңінде Түлкібас ауданындағы 60 сайлау учаскелеріне өрт қауісіздігі мен төтенше жағдайларды қамтамассыз ету мақсатында тексерулер жүргізді.
60 сайлау участкелерінің өрт қауіпсіздігі жағдайына АТЖ бөлімімен комиссиялық қарау жұмыстары жүргізіліп, сайлау учаскелерінде жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша нұсқаулық түсіндірілді.
18.11.2022 жылы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында АТЖ бөлімінің ұйымдастыруымен адами әлеуетті дамыту бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, барлық сайлау учакелерінің басшылары қатысуымен 2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қаупсіз өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы ТЖ вице-министрі генерал-майор М. Күлдіков пен бекітілген іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

 

Кентау қаласы Балаби қары медресесіне 2022 жылдың 17-қараша күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Балаби қары медресесінде білім алып жатқан 70-ке жуық шәкіріттерді, өрт қауіпсіздігі және электр құралдарын пайдалану кезіндегі және разеткаға ұялы телефоның қуатағышын қосып қалдырып кетпеуге айтып түсіндіріліп өрт қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылды.

 

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтуіне орай аудан аумағындағы сайлау учаскелерін аралап түсіндірме жұмыс жүргізіп жадынама парақша таратты.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтеуіне орай Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Сауран ауданында орналасқан сайлау учаскелерін аралап, сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларына сайлау кезіндегі өрт қауіпсіздікті қатаң сақталуын ескертіліп,түсіндіріліп, сайлауға дайындығы пысықталды.

 

2022-жылдың 17 қараша күні Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және аудан әкімшілік қызметкерлерімен Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекені, Черемушка көшесі орналасқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне газ қосылғаны бойынша қауіпсіздік ережелерін толық түсіндіріліп, жаднама парақшалары таратылды.

 

Жетісай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және 3 МӨСБ қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Жетісай ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тұрғындарға жадынама парақшалары таратылды.

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 20 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауындағы, сайлау учаскелеріне өрт-қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізді!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтеуіне орай Жетісай ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жетісай ауданында орналасқан сайлау учаскелерін аралап, сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларына сайлау кезіндегі өрт қауіпсіздікті қатаң сақталуын ескертіліп,түсіндіріліп, сайлауға дайындығы пысықталды.

 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбаймен бекітілген жұмыс тобы құрамында ТО ТЖД ТЖЖБ аға инженері а.қ. капитаны Еламан Дүйсенбекұлы Олжабек облыс аумағындағы қала, аудандардағы нысан басшыларына террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.

Аталған жұмыс тобының жетекшісі: Облыс әкімдігінің Терроризмге қарсы іс-қимыл тобының бас инспекторы — ТҚК хатшысы Е. Мұстафа.

Жұмыс тобының құрамында: ПД Экстремизмге қарсы басқармасы және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері де жұмылдырылған.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтеуіне орай Келес ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Келес ауданында орналасқан сайлау учаскелерін аралап, сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларына сайлау кезіндегі өрт қауіпсіздікті қатаң сақталуын ескертіліп,түсіндіріліп, сайлауға дайындығы пысықталды.

 

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Қазығұрт ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тұрғындарға жадынама парақшалары таратылды.

 

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздікті алдын-алу іс-шаралары жүргізілді!

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жолға шығушы жолаушыларға және Сарыағаш ауданында орналасқан авто бекет жүргізушілеріне Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді және “Дәрмен” мобильдік қосымшасының тиімділігін толық түсіндірді.

 

Төтенше жағдайларды алдын-алу сенбілігі өткізілді!

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, №14 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Аудандық әкімшілік қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы және аудан тұрғындарымен бірлесіп сенбілік жүргізді. Сенбілік мақсаты жауын шашын салдарынан төнетін қауіп қатерді алдын алу және арық атыздарды тазалап Төтенше жағдайлардың алдын алу!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтеуіне орай Арыс ауданы төтенше жағдайлар бөлімі сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларын толық жинап, жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: сайлау кезіндегі өрт қауіпсіздікті қатаң сақталуын ескертіліп,түсіндіріліп, сайлауға дайындығы пысықталды.

 

Улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы 15 қараша күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 ӨСБ-і және № 23 ӨСб-нің қызметкерлері, Қайнарбұлақ ауылының әкімшілік қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
«Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынды:
— қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды
— пеш құдықтары мен түтін шығу жолдарын тазалау қажет: 3 айда бір рет от жағылатын пешті, 2 айда бір рет от үзілмей жанатын пешті.
— отынды және басқа да тез жанатын заттарды пештің жанында ұстауға тыйым салынады;
— кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыруға үзілді – кесілді тыйым салынады;
— пеш алдында 70 те 50 көлеміндегі табақ темір төселуі тиіс;

 

Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен оқушыларына “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және алғашқы өрт сөндіру құралымен таныстырып қолдану тәсілін көрсетті.

 

Түркістан облысының құтқарушылары адасып кеткен шопанға көмек көрсетті.

2022 жылдың 14 қарашасында 21 сағат 30 минут шамасында Сауран ауданы Майдантал ауыл округі Ынталы елді мекені Иірсай жайлауында мал бағып жүрген 1978 жылы туылған азамат ауа-райының қолайсыздығынан адасып кеткен. Іздестіру жұмыстарына Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, Майдантал ауылдық округі әкімдігі, полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Іздестіру құтқару жұмыстарының нәтижесінде 15 қараша күні 13 сағат 15 минутта жоғалған азамат жайлаудан 18 шақырым жерден табылды.
Денсаулығы жақсы медициналық көмекті қажет етпеді.

 

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен
ұйымдастырылып Шардара ауданы аумағында орналасқан сайлау учаскілеріне
өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп
арнайы жаднама парақшалары таратылды.

 

ұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралар

Кентау қаласының ТЖБ қызметкерлерімен және № 12 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп 2022 жылдың 15 қараша күні Кентау қаласы, Уалиханов көшесінде жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйлерге газ жүйесі жүруіне байланысты, газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларды сақтау және жас балалардың көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлауын алдын алу шаралар жөнінде, және балалрды үйде қараусыз қалдырмауды айтылып түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылды.
Тұрғындарға жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қойылатын талаптар мен ережелердің сақталуының, газ жүйесін қолданғанда сақтық шараларын сақтау балалардың өмірі денсаулығы маңыздылығын түсіндіре отырып, әрдайым мұқият болуға айтып түсіндірілді.

 

Түлкібас ауданы аумағы жолға қызмет көрсететін
мердігер компаниялардың дайындығы пысықталды.

14.11.2022 жылы Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М. Жанесен,Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Азимбаев, Түлкібас аудандық полиция бөлімі жол және техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік көлік инспекторы полиция подполковнигі Ә. Қарақұлов, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Бейсеев 2022-2023 жылғы қыс кезеңдеріндегі Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мердігер компаниялардың техникалары, жылыту пунктінің дайындығы, жолға себетін минералдың әзірлеу дайындыққа келтіруге төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері тексеруге шықты.

 

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ:

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге аудандық Тұрғын үй инспекциясының меңгерушісімен, жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

 

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Арыс қаласының ұйымдастыруымен тұрғын үйлерге жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсізігін сақтау мақсатында тұрғындарға үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

 

2022 жылы 20 қарашада өтетін ҚР Президентін сайлу бойынша Кентау қаласындағы орналасқан сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігі жағдайларына қарау жұмыстары жүргізіліп, сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлау кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары тарқатылды.

 

Отырар ауданы ТЖБ қызметкерлері “Отырар жылу” мекемесінің қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі туралы дөңгелек үстел өткізіп өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолданылу тәсілін түсіндіріп өтті.

 

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау учаскелерінің төрағалары мен мүшелеріне өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшалары таратылды.

 

Мақтаарал ауданы аумағында орналасқан сайлау учаскелеріне өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа аудандық Прокуратура қызметкерлері, аудандық Полиция қызметкерлері қатысып, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша сұрақтар талқыланды. Сайлау төрағалары мен төрайымдарына сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы жадынамалар таратылды.

 

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ АВТО ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ:

Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен аудан әкімі аппаратының бас маманымен бірге аудан аумағында орналасқан авто газ құю бекеттеріне өрт және жарылыс қауіпінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол берілмейіндігін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратылды.

 

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары төрағалығымен қала аумағындағы сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында мәжіліс өткізілді. Мәжілісте келушілерге және салау учаскесінің төрағаларымен хатшыларына өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелері түсіндірілді.

 

Үгіт-насихат
жұмыстары туралы.

Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен 11 қараша 2022 жылы Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Аудандық мәдениет үйінде сайлау учаскелерінің төрағалары мен комиссия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиын барысында бөлімнің аға анықтаушысы азаматтық қорғау майоры А.Қалдықара баяндама жасап, сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлау өтетін орындарда сайлау өту кезеңінде, төменде көрсетілген өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
— сайлау учаскесіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар және эвакуациялау жоспарларымен қамтамасыз ету;
— өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлға бекіту;
— өртке қарсы қызметті шақыру үшін телефон байланысының, сондай-ақ шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары бар тақтайшалар «101», «102» нөмірлерін ілу;
— эвакуациялық шығу жолдарының қажетті санын белгілеу;
— эвакуациялау жолдарын жиһазбен, жабдықтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға жол бермеу;
— эвакуациялық шығу есіктерінде іштен кілтсіз ілмектерді еркін ашу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
— адамдар жаппай болатын үй-жайларда кілемдерді, кілем жолдарын және еденнің басқа да жабындарын еденге сенімді етіп бекіту;
— сайлау учаскелерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс қабілеттілігін тексеруден өткізу;
— сайлау өткізу кезеңінде бөгде адамдарды үй-жайларға, оның ішінде шатырларға, кіруіне шектеу қою.

 

Түркістан облысы ТЖД арнайы жұмысшы тобы ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, әскерге шақырушыларды зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде әскери борышын өтеу үшін 40 азамат сапқа тұрып, Алматы облысы Ұзынағаш елді-мекеніндегі 28237 әскери бөлімінде әскери қызметін атқаратын болады.

 

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен келді

Министр Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесуден соң Түркістан қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы Ақжайық музыкалық мектебінде азаматтарды қабылдап, облыс тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында төтенше жағдай туындаған кезде халықты хабардар ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді су басудың алдын алу, жылыту маусымында қайғылы оқиғалардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Кездесу соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізілді.

 

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен келді

2022 жылғы 11 қараша күні Түркістан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин келді.

Алдымен Министр Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесіп, өрт сөндіру бөлімінің жай-күйімен, жаңадан алынған техникаларымен және бөлімшелердің қызметімен танысты.

 

Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Зертас ауылы Еламан Сауран көшесі №9 мекен жайда орналасқан Зертас мәдениет үйінің ғимаратындағы №755 сайлау учаскесінде 25 сайлау учаскесінің төрағалары мен комиссия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиын барысында бөлімнің инженері азаматтық қорғау аға лейтананты Р.Каюпов сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлау өтетін орындардағы өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып, нұсқама берді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.