Шымқаланың символына айналған қызғалдақтар қауызын ашып, қаланың көркін айшықтай түсті. Биыл шаһардағы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы отырғызылды.
Әр ауданда орташа есеппен голланд қызғалдақтарының 200 мың данасы отырғызылып, қалаға ерекше сән беріп тұр. Қызғалдақтар бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа да жаздық гүлдер егіледі.Шымкент қаласының жер бедері әр түрлі. Бір аумағы ойлы-сайлы болса, тағы бір жері тым биік. Мұндай теңсіздік су тарату жүйесіне де әсер етері анық. Осы олқылықтың орнын жою мақсатында инвестициялық жобаның «Ғимараттар мен құрылыстар» атты бағыты аясында 21 дана қысым реттегіш құрылғысы орнатылған. Құрылғының көмегімен су қысымдарын реттеп, ол апатты жағдайды жою шығынын азайтады. Ал, «Су құбыры желілерін қайта жаңарту» бағытында Көмешбұлақ су арнасындағы 1978 жылы салынған темір құбырлар жаңасына ауыстырылған. Шымкенттіктерге таза ауыз су қала аумағындағы 5 су арнасынан келеді. Осы инфрақұрылым нысандарда ҚР заңдарында көрсетілген «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» талаптарын орындау үшін 2020 жылдан бастап берік қоршаулар тұрғызылыпты. Мекеме басшысы мұны ел ішінде қандай жағдай болмасын халықты ауыз сусыз қалдырмау мақсатында жасалды деп түсіндірді.
Жауапты мамандардың айтуынша, күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын гүлдердің санын 2 млн данаға жеткізу жоспарланған.Шымкенттіктерге таза ауыз су қала аумағындағы 5 су арнасынан келеді. Осы инфрақұрылым нысандарда ҚР заңдарында көрсетілген «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» талаптарын орындау үшін 2020 жылдан бастап берік қоршаулар тұрғызылыпты. Мекеме басшысы мұны ел ішінде қандай жағдай болмасын халықты ауыз сусыз қалдырмау мақсатында жасалды деп түсіндірді.