Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастыруымен Түркістан қаласы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлерге улы газдан улануды алдын алу және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Түркістан қаласы газ инспекциясы және сектор меңгерушілерімен ерікті студенттер қатысты. Аралау барысында тұрғын үй маңындағы асханада пропан газ қолданып жатқаны анықталып, акт түзіліп ескерту жасалды.

 

АУДАНДА «ҚЫС-2022»
ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

🔶 Бүгін Сауран ауданында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен қысқа дайындық жұмыстары пысықталды. Аудан аумағында төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу мақсатында «Қыс-2022» оқу-жаттығу шарасы өткізілді.
🔶 Шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Тәукебаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Қуанышбаев қатысып, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарының күштері мен құралдарын және техникаларының даярлығы пысықталды.
🔶 Аудан әкімінің орынбасары Қ.Тәукебаев аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша штаб құрамының қысқы маусымға даярлықтарын тексеріп, оқу-жаттығу шарасына оң бағасын берді. Жалпы, оқу-жаттығу шарасына 80 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

 

Қыс-РКШОЖ аясында азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш құралдары мен техникалараның қыс мезгіліндегі дайындық шаралары пысықталды.

24.11.2022 жылы “Қысқы кезең жағдайында Төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау” мақсатында Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен “Қыс-2022” Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы өтті.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің мәжіліс залында Отырар ауданы аумағында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға арналған мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің тиісті бөлім, жауапты мекеме басшылары қатысты.
Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орындарына жіберу маршруттарын анықтау, сондай-ақ авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар аудандық жеделге ден қою жасағын және аудандық АҚ күштері мен құралдарын алаңға жинап, сапқа тұрғызып дайындығын Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ж. Сейтжанов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М. Кемелханов қадағалады.

 

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласында “Қыс-2022” Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өтті.

2022 жылдың 24 қараша күні Жетісай ауданы аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Сағат 08.00-де «Дабыл-1001» сигналы түскен сәтте қала, аудан әкімдігіне, ауландық Азаматтық қорғау қызметтеріне, мекемелер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына және «Қыс-2022» РКШОЖ қатысатын мекемелерге қабылданған сигнал жеткізілді.

 

Білім беру мекемесінде оқу жаттығу өтті

2022 жылы 23 қараша күні Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, № 11 ӨСБ-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында орналасқан Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» КММ-не өрт тактикалық сабақ өткізілді. Өрт тактикалық сабақтың мақсаты өрт болған жағдайда немесе басқа да төтенше жағдай орын алған кезде мектептегі оқушыларымен қызметкерлерін қауіпсіз жерге эвакуациялау және де төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және оларды жою болып табылады.

 

Қыс 2022 жылы Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өтті. Кентау қаласында қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу ықтимал дүлей зілзалалар жағдайында іс-қимыл жасау қағидалары азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жеттілдіру мақсатында, 2022 жылы 24 қараша күні Қыс -2022 Республикалық оқу-жаттығу басталды. Таңғы сағат 08:00 де Дабыл -1001 сигналын қосылып, Басқару органдарының күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша жергілікті атқарушы органдарға АҚ қызметтеріне хабарлама берілді. Ұйымдастырылған оқу- жаттығу еліміздің басты байлығы адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтау мақсат етеді.

 

Қыс маусымына дайындық пысықталуда

Қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Таңғы сағат 08.00 де Дабыл-1001” сигналын қабылдап, “Басқару органдарының күштер мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша, жергілікті атқарушы органдарға АҚ қызметтеріне хабарлама берілді. Жоспардан-тыс аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша комиссия отырысы өткізіліп. Барлық қызметтер мен ауыл округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орындарына жіберу маршруттарын анықтау, сондай-ақ авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізу бойынша, аудандық жедел ден қою жасағын және аудандық АҚ күштері мен құралдарын орталық алаңға жинап, сапқа тұрғызып дайындығы Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Е.Исмайлов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Қоспанов тарапынан тексерілді. Оқу жаттығу іс-шаралары жалғасуда.

«Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Созақ ауданында қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Таңғы сағат 08:00-де «Дабыл-1001» сигналын қосылып, “Басқару органдарының күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша, жергілікті атқарушы органдарға АҚ қызметтеріне хабарлама берілді.
Жоспардан-тыс аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша комиссия отырысы өткізіліп, барлық қызметкерлер мен ауыл округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің мәжіліс залында Созақ ауданы аумағында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға арналған мәәжіліс өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов жүргізді. Оқы- жаттығу жиынын өткізуге облыстық төтенше жағдайдар басқармасының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті. Жиынға аудан әкімінің тиісті бөлім, жауапты мекеме басшылары мен ауыл, кент округ әкімдері қатысты.
Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орындарына жіберу маршруттарын анықтау, сондай-ақ авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар аудандық жеделге ден қою жасағын және аудандық АҚ күштері мен құралдарын орталық алаңға жинап, сапқа тұрғызып дайындығын Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Әлібек Баұытбекұлы қадағалады. Облыстық маңызы бар «Таскөмірсай» асуында өткен оқу жаттығу жиынына, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Созақ аудандық электр желілері, байланыс торабы, аурухана т. б тиісті бөлім қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырылған оқу-жаттығу еліміздің басты байлығы – адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтауды мақсат етеді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

Облыс аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Н.Жунусов Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандарында орналасқан су қоймалар мен таудағы қар қоры, мұздақ көлдердің қазіргі жағдайын қарап, тікұшақпен аэровизуалды шолу жасады.
Мамандармен су қоймалардың жай-күйі зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардан келер қауіп жоқ екені анықталды. Өңір басшысы су көздері тұрақты жағдайда болса да, қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс екенін жеткізіп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

 

«Қыс-2022» Республикалық командалық –штабтық жаттығу өткізілуде.

2022 жылдың 24 қараша күні Түркістан облысының аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Сағат 08.00-де «Дабыл-1001» сигналы түскен сәтте қала, аудан әкімдеріне, облыстық Азаматтық қорғау қызметтеріне, мекемелер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына және «Қыс-2022» РКШОЖ қатысатын мекемелерге қабылданған сигнал жеткізілді.
Оқу-жаттығу практикалық түрде 112 пультіне жылдамдығы 25м/сек дауылды жел, қатты жауған қар және ауа температурасы -30°C әсерінен мынадай хабарламалар түскен:

1-хабарлама: Түркістан қаласындағы «Жылу» МКК орталық қазандығына өрт және авария орын алып, 1-ші және 2-ші мөлтек аудандардағы тұрғын (1500-абонент) үйлер мен мекемелерге жылу беру тоқтағандығы туралы;
2-хабарлама: Осы күні Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданындағы электр трансформаторында қысқаша тұйықталу орын алып, көп қабатты тұрғын үйлер жарықсыз қалуы.

3- хабарлама: Отырар мөлтек ауданында жер астынан өткен су құбыры жарылып, көше бойларына су тасып, тұрғындар сусыз қалып, халықтың тыныс тіршілігі бұзылғандығы туралы;
4-хабарлама: Түркістан қаласы, Тараз көшесі №74 үй тұрғындарының айтуынша, белгісіз автокөлікпен орташа қысымды ДУ-89 мм жер үсті газ құбырына соқтығысып, нәтижесінде газ құбырында авария орын алған. Табиғи газсыз қалғандар саны алдын ала мәліметтерге сәйкес 800 абонентті құрайды.
5-хабарлама: Қардың қалың мөлшерде жаууына байланысты Кентау-Ащысай бағытындағы тас жолында шамамен 15-20 автокөліктердің кептелісі орын алып, көлік ішінде қалып қойған жолаушыларды эвакуациялау, жылыту бекетіне жеткізу, тұрып қалған техникаларды қар құрсауынган шығару, көмек көрсету туралы;

Шартты түрдегі оқу-жаттығу барысында орын алған төтенше жағдайларды жою жұмыстары жүргізілді. Жалпы оқу-жаттығуға 41 техника 118 адам жұмылдырылды.

Түркістан қаласында «Қыс-2022» Республикалық командалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Бүгін қала аумағында «Қыс-2022» Республикалық командалық оқу-жаттығуы практикалық тұрғыда өткізілуде. Бұл оқу-жаттығу Түркістан қалалық Азаматтық қорғау қызметтерінің құру және ережесін бекіту туралы Өкімге сәйкес қалалық азаматтық қорғау қызметтері құрылымдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы және техникалары қатыстырылуда.
Өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың мақсаты қалалық жедел ден қою жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, болған жағдайда адамдарды және материалдық құндылықтарды шұғыл түрде құтқаруға дағдылау болып табылады.
Осыған байланысты бүгінгі оқу-жаттығу барысында шартты түрде бекітілген «Жылу» МКК орталық қазандығында (2 дана қатты отынды пайдаланатын КВР-23,26-150 маркалы, 5 дана табиғи газбен пайдаланатын Виссман- КГ-150 маркалы) орын алған авария саладарынан орын алуы болуы мүмкін жағдайлармен, оны жою іс-шараларын қарастырды.

 

Қыс-2022 РКШОЖ аясында азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш құралдары мен техникаларының қыс мезгіліндегі дайындық шаралары пысықталды.

24.11.2022 жылғы «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» мақсатында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен » Қыс-2022 » Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы өтті.
Түлкібас ауданының азаматтық қорғаныс қызметтері бүгін орталық «Жанкент» паркі алаңшасында азаматтық қорғаныс қызметтері мен күш құралдар техникалар саптық байқауға тұрғызылып дайындықтары пысықталды.
» Қыс-2022 » Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы қараша айының 24-25 күндері өтуіне орай азаматтық қорғаныс қызметі кезекшіліктің күшейтілген ауысымына көшті. Шұғыл штабТүлкібас ауданының ТЖБ. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері Облыстық шатабпен ауыл округі штабтарымен байланыс қосылған.Қазіргі уақытта штаб оқу жаттығу ұйымдастырушылық нұсқаулығы бойынша жұмыстар атқаруда.

​Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының кезектен мәжілісінің №11 хаттамалық шешімімен тиісті мекемелерге шұғыл орындауға жолданды.

 

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастыруымен, 2022 жылдың 24 қараша күні Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу елді мекенінде орналасқан «Атамекен» жалпы орта мектепбінде №40 ӨСБ жеке құрамының қатысуымен өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

БӘЙДІБЕК: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бәйдібек ауданы көлемінде қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Таңғы сағат 08:00-де Дабыл-1001” сигналын қабылдап, “Басқару органдарының күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша, жергілікті атқарушы органдарға АҚ қызметтеріне хабарлама берілді.

Жоспардан-тыс аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша комиссия отырысы өткізіліп, барлық қызметкерлер мен ауыл округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орындарына жіберу маршруттарын анықтау, сондай-ақ авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар аудандық жеделге ден қою жасағын және аудандық АҚ күштері мен құралдарын орталық алаңға жинап, сапқа тұрғызып дайындығын Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиевпен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Әуелбеков тексерді.

Атап айтқанда, өртке қарсы қызмет, медициналық көмек көрсету қызметі, радициялық және химиялық барлаушылар қызметі, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, жолдар мен көлік және жанар жағармаймен қамту қызметінің дайындығы пысықталды. Азық-түлік және медициналық препараттар қорын құру мәселесі де қаралды.
Оқу жаттығу іс-шаралары жалғасуда.

Түркістан облысында «Қыс-2022» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығудың 1 күні.

2022 жылдың 24 қараша күні Түркістан облысының аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Сағат 08.00-де «Дабыл-1001» сигналы түскен сәтте қала, аудан әкімдеріне, облыстық Азаматтық қорғау қызметтеріне, мекемелер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына және «Қыс-2022» РКШОЖ қатысатын мекемелерге қабылданған сигнал жеткізілді.

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және №6 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері №14 М. Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінде оқу-жаттығу өткізілді. Сонымен қатар “ Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі” және “ Улы газдан уланудың алдын алу” тақрыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қыс-2022» РКШОЖ өткізу мақсатында Түлкібас ауданының кезекті төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті.

23.11.2022 жылы Түлкібас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері және азаматтық қорғаныс қызметтері мен құрылымдарының отырысы өтті. Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Азимбаев, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Б. Ахметовпен «ҚЫС-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуларына дайындық және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқсаулығы АҚ қызметтері мен құрылымдарына түсіндірілді. Мәжіліске Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл округі,кент әкімдері, Республикалық,облыстық ,аудандық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мердігер мекеме басшылары, бір қатар тиісті мекемелер қатысты.
​Күн тәртібінде: «ҚЫС-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуларын аудан дегейінде жоғары деңгейде өткізу.
24.11.2022 жылы сағат 10-00 шамасында Жанкент паркі алдында ауданның азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін одан әрі жетілдіру тексеру мақсатында саптық байқау жүргізуге тапсырма берілді.
Оқу жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері іске қосылатын болады. Аудан көлемінде азаматтық қоғаныс қызметтері мен құрылымдары күшейтілген ауысым қызметке көшті. Шұғыл штаб АТЖБ-де құрылды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен, 2022 жылдың 23 қараша күні Ахмет Байтұрсынов көшесі 24 мекенжайында орналасқан №6 М.Маметов атындағы жалпы орта мектебінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен жоспардан тыс өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

 

Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №12 ӨСБ қызметкерлерімен №16 Ю.Гагарин мектебіне оқу-жаттығу жиыны өкізу.
Мектептің өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар жопарына сәйкес 2022 жылдың 23-қарашада №16 Ю.Гагарин мектебінде өрт кезінде оқушыларға, мұғалімдерге және мектеп қызметкерлерін эвакуациялау бойынша жоспарлы оқу-жаттығу жиыны өтті.
Іс-шараның басты мақсаты оқушыларды, мұғалімдерді және мектеп қызметкерлерін өрт болған кезінде және зіл-зала болған кездегі іс-әрекеттерді үйрету.
Сонымен қоса №16 Ю.Гагарин мектебіндегі 11-класттың бітіруші оқушыларына, 2023 жылы Көкшетау қаласындағы «М.Габдуллин атындағы азаматтық қорғау академясына оқуға түсуге шақырамыз» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ электр жабдығын, тұрмыстағы құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіріліп жадынама парақшалары таратылды.

 

Арыс, Отырар, Ордабасы, Түлкібас, Төлеби аудандарында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбаймен бекітілген жұмыс тобы құрамында ТО ТЖД ТЖЖБ аға инженері а.қ. капитаны Еламан Дүйсенбекұлы Олжабек облыс аумағындағы қала, аудандардағы нысан басшыларына террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.

Аталған жұмыс тобының жетекшісі: Облыс әкімдігінің Терроризмге қарсы іс-қимыл тобының бас инспекторы — ТҚК хатшысы Е. Мұстафа.

Жұмыс тобының құрамында: ПД Экстремизмге қарсы басқармасы және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері де жұмылдырылған.

 

Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ө. Жәнібеков атындағы №4- лицей интернатына оқу жаттығу өткізді және “Өрт қауіпсіздігі” мен “Улы газдан уланудың алдын алу” тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді.

 

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін террористік қатерлер мен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеке құрамды даярлау, атыс қаруын қолдану бойынша психологиялық сабақтарын ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасы құндылығының маңызы тақырыптарында семинар-кеңесі өткізілді.

Түркістан облысы Полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының және Емханасы бар госпитальдың психиатр-дәрігері практикалық дәріспен бөлісті. Сондай-ақ, дін өкілдері діни тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ:

Жетісай ауданданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ю.Гагарин атындағы 3 ЖОМ» КММ нің ғимаратында Өрт сөндіру бөлімшесінің қатысуымен оқу-жаттығу өткізілді. Мұғалімдер мен оқушылардың дабыл кезінде сыртқа шығу іс-әрекеттері назарға алынып, бөлім қызметкерлері тарапынан өрт кезінде қандай іс-әрекет істеу керектігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ:

Мақтаарал ауданданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ» КММ нің ғимаратында Өрт сөндіру бөлімшесінің қатысуымен оқу-жаттығу өткізілді. Мұғалімдер мен оқушылардың дабыл кезінде сыртқа шығу іс-әрекеттері назарға алынып, бөлім қызметкерлері тарапынан өрт кезінде қандай іс-әрекет істеу керектігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Жылу беру маусымындағы үгіт-насихат шаралары жалғасуда

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (Бұдан әрі-Бөлім) қызметкерлері аудан тұрғындарына профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды.

 

Улы газдан сақ болыңыздар!

2022 жылы 23 қараша күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 ӨСБ-і және № 23 ӨСб-нің қызметкерлері, Қарабұлақ ауылының әкімшілік қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

ХАБАРЛАМА !!!

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары бұқаралық ақпарат құралы өкілдері !

2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Түркістан облысы аумағында «ҚЫС-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілетін болады.
24.11.2022 жылы сағат 09-00 де Оқу жаттығу барысын халықты хабардар ету жүйелері іске қосылатын болады.
Дабыл берілген жағдайда сабыр сақтауға шақырамыз.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.