«Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының Өзбекстан Республикасына «Шымкент шашу» гастрольдік сапары басталды. Іссапар екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту, қуыршақ жасау және қуыршақ театрының жұмысын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр». Бұл туралы Ташкент қаласынан хабарласқан театрдың директоры Самат Алтай мәлімдеді.
Гастрольдік сапар театрдың 40 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асып отыр.
— Өзбекстандық театрсүйер қауымға Е.Локшинаның «Винни Пух» интерактивті ертегісі ұсынылып, қойылым кішкентай көрермендерге қуаныш сыйлады. Бұдан кейін Өзбекстан Мәдениет және өнер институты студенттеріне қуыршақпен жұмыс бойынша ашық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Өзбекстан Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің өкілі, Самарқанд қуыршақ театры, Қаттақорған театры мен Өзбекстан мәдениет және өнер институтының студенттері және қуыршақ театры майталмандары қатысты. Ал,Қара жігітке сүйсіндік. «Жас Алаш» газеттің тілшісіміз. Спортты жазудан Қазақстандағы маңдайалды басылым. «Жазамыз» дедік. Жанымдағы дос қыжыртты. Күлді. «Несін жазасың. Қытай жігіті қазақ чемпионын ұрып жықты деп жазасың ба?».
Тоқтап қалдық. Қазақ деп іштартып тұрған қара жігіттің толық сойы Евгений Биев Жуньшэнұлы екен. Әкесі-қытай, шешесі орыс жұрағатынан.
Қанша жасырсақта әр көкіректе шовинистік ұшқын жатады екен. Сол мақала солай жазылмай қалды.
Кейін қызмет бабымен Шымкентке ауыстық. Биевен спорт жарыстарында жиі ұшырасып жүрдік. Кейін ол өзіміз жақсы сыйлайтын досымыз, қазақтың қайратты қыздарының бірі Хализа Шаметовамен шаңырақ көтерді. Тойларында болдық.
Хализа өткір қыз. Кездескеңе «баяғыда Женяны қытай болғаны үшін мақала жазбай кетіпсіз ғой» деп күледі. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген осы. Үндемей күліп құтыламыз. Женя да ләл-лим демейді.
8 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен Ташкент облысында тұратын қазақ бауырларымызға спектакль көрсетеміз,- деді Самат Алтай.
Айта кетейік, шымкенттік өнер майталмандарының гастрольдік сапары 3-8 сәуір аралығында Ташкентте, ал 10-14 сәуір аралығында Самарқанд қаласында жалғаспақ.
А.КЕРІМ