ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жаңа Жолдауын талқылау мақсатында Жастар сарайының мәжіліс залында аудан ардагерлері және зиялы қауымдардың қатысуымен жиналыс өтті.

Мәжіліске аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысқақ, аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы О.Есқара, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Осы орайда, жаңа жолдаудың бағыттары, жергілікті атқарушы органдарға жүктеген міндеттермен, жоспарларды нақтылап талқылау, түсіндіру мен насихаттау бойынша аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы О.Есқара баяндама жасады.

Аудан ардагерлері Президенттің Қазақ халқына жолдаған жаңа Жолдаудың басым бағыттарын қолдап, талқылып, жүзеге асыру жолында атқарылатын жұмыстарға атсалысуға шақырды.

Жиын соңында қоғам белсенділері жарыссөзге шығып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.