ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаровтың кезекті кездесуі «Жастар ресурстық орталығында» жалғасты. Депутат қаланың белсенді жастарымен кездесіп, алдағы конституциялық реформаларды түсіндірді. Жүздесуге Шымкент қаласындағы ЖОО студенттері, әртүрлі саладағы белсенді жастар және жас кәсіпкерлер қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Депутат еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен алда өтетін республикалық референдумның жастар үшін аса маңызды екенін айтып, әділетті жаңа Қазақстанды құруда жастардың рөліне баса назар аударды.
Нұрлан Бекназаров жалпыхалықтық референдумға қатысу әрбір азамат үшін үлкен саяси мүмкіндік екенін атап өтті.
– Жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа идеялар, жаңа бастамалар керек. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттің, қоғамның өміріне елеулі өзгеріс әкеледі. Бұл ретте жастар, аға буын өкілдері жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ел өміріндегі саяси маңызы зор оқиғаға баршаңызды белсене қатысуға шақырамын», — деді Н.Бекназаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.