Қожа-Ахмет Яссауи музейі

Spread the love

Кез-келген ірі жоба барысында артқа тартар, тосқауыл болар жағдайлар орын алуы таңқалдырар нәрсе емес. Кезінде, кесененің құрылысы да бірнеше мәрте тоқталып, қайта жүргізілгенін баршаңыз білерсіздер. Ғасырлар алдын орын алған оқиғалардың шынайы жағдайын біз дәл қазір нақты айта алмаймыз да. Дегенмен, күндіз атқарылған жұмысты түн уағында келіп, бұзып жүргендер болды десетіндер де бар…

2019 жылы Қожа-Ахмет Яссауи музейінің құрылыс концепциясын жасау бойынша шешім қабылданды. Бұл құрылыстың тапсырыс берушісі “Samruk Kazyna Construction” мекемесі болатын. Бұл мекеменің тарихи маңызы бар жобада сый ретінде көрсеткен қолдауы үшін алғысымыз шексіз.

Музейдің концепциясы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Түркие және Ресей мемлекеттерінің бір топ ғалымдары бірлесе талқыға салып, шешім қабылдаған еді. Бір мәмлеге әп сәтте келе қалды дей алмасам да, концепция бойынша ортақ бір келісімге келді.

Жобаның бас мердігері болып “Базис” мекемесі танылған. Бұл жерде әкімдік кәсіпкерлердің ішкі жұмысына, қандай да шешімдеріне араласпайтынын мәлімдеп өтейін. Себебі, кей азаматтар жағдайды пайдалана әңгімені өз ыңғайларына бұрмалауға ұмтылып жатқан көрінеді.

Мұражайдың ішкі жұмыстары, интерьері бойынша біздің тарапымыздан арнайы конкурс жарияланып, Алматы қаласында орналасқан мекемелердің бірі ұтып шықты.

Ал енді, бүгін, “BF CreaGroup” компаниясына қызметкөрсетуші мекемелерінің бірі конкурсқа қатыспағанына қарамастан, авторлық құқықтары бойынша Түркістан қаласы және облыстық әкімдіктерге айып тағып жатқаны жайлы хабардар болдым. Осы тұрғыда, тағы бір қайталап өтейін, Заң бойынша, әкімдік кәсіпкерлердің ішкі жұмысы, қарым-қатынасы және шешімдеріне ықпал ете алмайды. Бұл жайында Президентіміз де айтып өткен болатын.

“BF CreaGroup” мекемесі тарапынан ұсынылған жоба ғалымдар тарапынан мақұлданбағанын да айтуым керек болар. Түркістан қаласы әкімдігінің де ешқандай заңды қарым-қатынас болмаған, құжаттарға қол қойылмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *