Қазығұрттық шаруалар модульді сүт қабылдау бекетін орнату арқылы сүт өнімін екі есеге арттырмақ

Spread the love

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында мал сою, сүт қабылдау бекеттері мен қарқынды бау өсіру және жеміс жидек қабылдау бекеттері сынды жалпы 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Оның 19 өткен жылы құрылса, ал биыл 21 кооператив құрылған. Бүгін аталған кооперативтердің жұмысымен БАҚ өкілдері облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде танысып қайтты. Сондай кооперативтердің бірі Шарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет Өтемісұлы ауылындағы «Қаратас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Өткен жылдың соңында құрылған сүт шаруашылығымен айналысатын кооперативтің бүгінде 117 мүшесі бар. Біріккен күш бірегей табысқа жетелейтінін айтқан шаруалар кооперативке бірігудің арқасында мемлекеттен тиісті қолдау көмектер алып, шауашылықтың өрісін кеңейтіп жатқанын жеткізді. «Егістігіміз бен мал жайылымдық жеріміз ыңғайлы болғандықтан сүт шаруашылығын дамыту бойынша 117 ұсақ шаруашылықты біріктіріп кооператив құрдық. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 30 мүше 130 млн теңге көлемінде несие алды. Оған сауынды 700 бастай ірі қара мал алып, олардан күндігіне 1 тоннадан астам сүт алып отырмыз», — деді «Қаратас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Мақсат Арапбайұлы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *