Қазығұрт өңірінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығын дамытып, шаруа қожалықтарының экспортын еселеуге ерекше ден қойылып келеді. Бүгінде ауданда нарыққа неғұрлым қажетті өнім түрлеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту және әртараптандыру қажеттігі, сондай-ақ суармалы жердің айналымын енгізу бағдарламаның басымдықтарына баса назар аударылып отыр. Қазығұрт еліміздің климаты ауыл шаруашылығына аса қолайлы өлкеде орналасқан. Мәселен Жыл басынан бергі 3 айда аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6367,8 млн. теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайыз болып отыр. Соңғы жылдары Қазығұрт ауданында төрт түлікті көбейтіп, пайда табушылардың қатарың қалыңдады. Мұнда осы салаға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, қазығұрттық шаруалар мемлекет қолдауының арқасында шаруаларын одан әрі қарай кеңейтуде. Биылғы жылды өзінде мал шаруашылығы өнімдерін арттыруға арналған жоспар 107,3 %-ке орындалған.
Медиаон ақпарат