2022 жылғы шілде айының соңғы апталары ауа райының күрт жоғары көтерілуі күннің жылынуы 45 градус цельсиге жетуі облыс түрғындары мен төтеншеліктерді алаңдатпай қоймады. Селдің алдын алу үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Рахымбердиев, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Азимбаев, «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, ЕС-145 тік ұшағы 4000 метр дейінгі биіктіктегі Қазығұрт, Төлеби,Түлкібас аудандарының тауларындағы мұздық көлдердің және Сайрамсу, Өгем, Майдантал, Балдыбрек, Ақсу бассейіндік өзендерге аэровизуалды шолу жасалып, сел қауіпі бар учаскелер қаралды. Нәтежесінде мұздық көлдердің жағдайы қалыпты, сел тасқынын төндіру қауіпі жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.