Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Қазығұрт ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тұрғындарға жадынама парақшалары таратылды.