Оның үстіне етке деген сұраныс та жыл санап артып отыр. Сондықтан аудан жұртшылығы тиімді салаға баса назар аудара бастады. Осыған байланысты, мал басын көбейтуді көздеген келелі бағдарламалар қаржыландырылып, мол жетістіктерге қол жетіп жүр. Төрт түлік саны уақыт өткен сайын артып келеді. Соған сай, төрт түлік санын көбейте түсуді көздеген келелі бастамалар молынан қаржыландырылып, ұнамды көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ірі қара мал саны 8 900 немесе 103,1 пайызға, қой саны 391 200 немесе 103,8 пайызға, ешкі саны 21 100 немесе 96,5 пайызға, жылқы саны 34 000 немесе 96,5 пайызға және құстар саны 80 300 немесе 111,9 пайызға артқан. Ауданда мал мен құс еті 2020 жылдың 3 айында 5646,7 тонна өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 107,3 пайызды, сүт 10812,3 тонна өндіріліп 101,3 пайызды, жұмыртқа 1510,6 дана өндіріліп 102,7 пайызды құрады. Ендігі бір басты мақсат — экспорттық әлеуетті арттыру. Ол үшін асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сапалы өнім дайындау сынды салмақты міндеттерді орындау керек. Сонда көздегенге қол жетпек. Ауданда қаізрге егін шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Егістік жерді игеру 84,5 гектарға жоспарланса, қазіргі уақытқа дейін 81,7 га (96,7%) жүзеге асырылған. 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру 75 жоспарланып, қазіргі таңға 43-і енгізілді, жоспар 57,3 пайызға орындалды. Соңғы жылдары мұнда егістік алқаптарының көлемі артып, ондағы дәнді дақылдар 42600-ді құрап отыр. Оның ішінде бидай, арпа, дәндік жүгері, бұршақтық дақылдар, мақсары, күнбағыс, картоп, көкөністер, бақша өнімдері, мал азықтық дақылдар да кездеседі. Егін мен мал шаруашылығын қатар игерген өңір шаруалары биыл да дәнді-дақылдан мол өнім алып, экспортты еселеуді жоспарлап отыр. Қазығұрт ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Оны ағымдағы жылдың 3 айындағы жоғары көрсеткіштерден анық аңғаруға болады. Аудан әкімдігінің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі — экономиканың негізгі драйверіне айналдыру. Ата кәсібіміз мал және егін шаруашылығын дамыта отырып, алдымен жергілікті тұрғындарды толық өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету. Ел болып, жұрт болып, осы жолда еңбек етілсе, бұған толық мүмкіндік бары сөзсіз.
Медиаон ақпарат