Қазығұрт ауданында ауылшаруашылығы жерлерін өңдеуге арналған тыңайтқыш шығаратын фабрика салынбақ Қазығұрт ауданында ауылшаруашылығы жерлерін өңдеуге арналған тыңайтқыш шығаратын фабрика салынбақ. Қазығұрт ауданында ауылшаруашылығы жерлерін өңдеуге арналған тыңайтқыш шығаратын фабрика салынбақ. Бұл туралы аудан әкімінің есеп беруінде айтылды. Қазығұрт аудандық мәслихаттың кезекті VІІІ сессиясында аудан әкімі Т.Телғараев депутаттар алдында есеп берді. Өз есебінде Т.Телғараев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Барлық саладағы атқарылған жұмыстарды саралап өткен аудан әкімі, сала-саладағы көрсеткіштерді атап өтті. Сессия барысында аудандық мәслихаттың депутаттары А.Тасай, С.Тұрғараев, Т.Мұсабаев, Ө.Көпеев ұсыныстар айтып өз пікірлерімен бөлісті. Сессия барысында аудан әкімі Т.Телғараев маслихат депутаттарына аудан дамуына бірлесе үлес қосатындығын айтып, өтініш-тілектері ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Жалпы өткен сегіз айда Қазығұрт ауданында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар. Өңірде кәсіпкерлік жобалар жүзеге асуда. Соның бірі ретінде «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: кеңестен өткен тікелей телекөпір барысында ауданда тез әзірленетін тағам цехының ашылуын айтуға болады. Президенттің тікелей рұқсат беруімен жұмысын бастаған кәсіпорынның басшысы, «Lotus Food Company LLC» ЖШС-ның бас директоры Әлиайдар Амалов Елбасыға:

— Жоба Сіздің саясатыңыздың жемісі болып табылатын индустриялық аймақта жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, осы аймақта ауыл шаруашылығы саласына арналған биоорганикалық тыңайтқыштарды шығаратын фабрикасын құрғалы жатырмыз. Бұл фабрика ТМД елдерінде баламасы жоқ жоба болып табылады,-деген болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.