-2022 жылдың сәуір-мамыр айларында қатты нөсер жауын салдарынан 3 рет су тасып, үйлер мен қора-қопсыларға, кәсіптік нысанға су кіріп, төтенше жағдай орын алды.

Адамдар арасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

24.04.2022 жылғы қатты жауған нөсер жауын салдарынан орын алған төтенше жағдайды жою мақсатында аудан әкімінің 2022 жылдың  27 сәуіріндегі № 8 шешімімен Қазығұрт ауданының Сарапхана, Қақпақ, Қызылқия, Шанақ, Қарабау ауылдық округтерінде және  2022 жыл 14 мамыр күнгі жауған нөсер жауынның салдарынан Қазығұрт ауыл округінде аудан әкімінің 2022 жылдың 17 мамырындағы № 9 шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

24.04.2022жылғы орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойынша аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жастардан құрылған «Еріктілер» топтары зардап шеккен тұрғындарға көмек берді. Бұл игі істі басқа аудан, қала жастары қолдап, жалпы 350 жуық еріктілер селден құлаған, зақым келген қора-қопсыларға және тұрғын үй мен аулаларды тазалау жұмыстарына белсене көмек берді. Сондай-ақ, ауыл әкімдері зардап шеккен тұрғындарға демеушілер есебінен алғашқы азық-түлік пен киім-кешек таратуды және көмек көрсетіп жатқан азаматтарға ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырды.

Су кіру салдарынан келтірілген зардаптарды жою мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен 30 сәуір күні ауданда облыстық сенбілік ұйымдастырылып, Түркістан облысының Қазығұрт ауданына көршілес аудандары мен облыстық басқармалардан 58 техника мен 887 азамат көмекке келді.

24.04.2022 жылғы Төтенше жағдай салдарынан құлаған 1 тұрғын үй мен құлау қаупі бар 5 тұрғын үй бойынша «Қазақ мемлекеттік ғылыми-іздестіру және жобалау институты» АҚ ОҚФ-ы сараптама жасап тұруға жарамайды, бұзуға жатады деген қорытындысы негізінде 5 тұрғын үйге бюджет есебінен әр бір 1 шаршы метріне 100,0 мың теңгеден өтемақы  аудан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше резерв қорының қаржысынан 43,3 млн.теңге төленді.

Ал құжаты жоқ бір тұрғын үйге демеушілер есебінен қорға жиналған қаржы есебінен 10,9 млн.теңге өтемақы төленді.

Жалпы аудан бойынша жарамсыз болған 48 қора қопсы, асхана, бастырмаларға 19,2 млн. теңге өтемақы төленді.

Одан бөлек    1,610 млн.теңге қаржыға Шанақ ауыл округіне 13 000 дана, Қақпақ ауыл округіне 1000 дана  шлакаблок жеткізіліп, таратылды.

Сарапхана ауылындағы «Қанағат» кафесіне жұмысшы топтың актісі бойынша 5,8 млн.теңге аудандық төтенше резервтер есебінен төленді.

Өлген  476 ұсақ мал (267 қой,154 қозы, 29 ешкі, 26  лақ), 3 ірі қара мал, 1 жылқы, 17 тауық және суға ағып кеткен 50 бал арасының жанұясына 15,079 млн.теңге қаржыны құрады. Оның ішінде жануарларды бірдейлендіру (ИЖС) базасында тіркелген 37 қой, 20 қозы, 11 ешкінің өтемақылары  1,9 млн.теңге бюджет есебінен өтемақы төленді.

Ал 3 ірі қара, 1 жылқы, 230 қой, 134 қозы, 18 ешкі, 26 лақ, 17 тауықтың және 50 бал ара жанұясының өтемақылары 13,179 млн.теңге демеушілер есебінен төленді.

        «Қызыл ай» қоғамдық ұйымы арқылы аулаларына, қосалқы құрылыстарына су кіріп жарамай қалған үй жиғаздарын, тұрмыстық техникаларын, күнделікті тұтынатын құрал-саймандар мен өзге де үйге қажетті заттар алу мақсатында 5 ауыл округінің 171 отбасының 1076 отбасы мүшелеріне әр біріне арнайы «Форте Банк» карточка арқылы 100,0 мың теңгеден жалпы 107,6 млн.теңге қаржылай көмек көрсетілді.

2022 жыл 14 мамыр күнгі сағат 13:10-13:30 аралығында жауған нөсер жауынның салдарынан Қазығұрт ауылының 13 көшесіндегі үйлерге су кірген.

Орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойынша жедел әрекет ету барысында 14 мамыр күні аудан әкімдігінен 3 мотопомпа,                       32 қызметкер, аудандық төтенше жағдай бөлімінен 4 техника,                                2 мотопомпа, 38 қызметкер, Сарыағаш, Ордабасы аудандарындағы төтенше жағдай бөлімдерінен 5 мотопомпа, 5 қызметкер және 2 техника көмекке келіп, су кірген үй, жертөле және аулалардан су шығару жұмыстары жүргізілді.

Құлайын деп тұрған үйдің тұрғындары туыстарының үйіне келісімдері бойынша көшірілді.

15 мамыр күні аудан жастарынан құрылған 25 еріктілер және Шымкент, Сарыағаш қалаларынан 12 жастар көмекке келіп, сондай-ақ, аудан әкімдігі, дербес бөлімдер, ауыл әкімдіктері мен тиісті мекемелерден 120 адам, аудандағы білім саласының 150 қызметкерлері ауыл тұрғындарымен бірлесіп және аудан әкімінің ұйымдастыруымен арнайы 5 техника (кран, погрузшик, тіркемелі трактор) зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Ш.Уалиханов көше бойындағы қашыртпа каналы техникалық тазалықтан өтті. Абай көшесінде ұзындығы  9 метрлік қосымша труба  орнатылды.

Су кірген 29 үйдің жарамдылығына сараптама жүргізіліп, қорытындысына сай 24 үй иесіне 48,7 млн.теңге өтемақы  бюджет есебінен және демеушілер есебінен қорға жиналған қаржы есебінен 1,825млн.теңге  өтемақы төленді.

-Төтенше жағдай ауа райынан нөсерлі жауын салдарынан туындаған. Осы жоғарыдағы үш жағдайда да нөсер жауын 20-30 минут көлемінде жауып сай-саладан жиналып келген су елді мекендерге кірген. Өзен деңгейі көтерілмен.

Аудандағы тасқын су өткен жерлерге талдау жүргізіліп,  елді  мекендерге кіретін 9  сай салалардың алдына қорғаныс дамбалар жасалды. Елді мекен ішіндегі көшелерден өтетін ағын суға арналған құбырлардың су өткізгішітігін жоғарылату мақсатында  5 құбыр ауыстырылды. Сай саладан келетін тасқын суды қауіпсіз өткізу мақсатында  6 қашыртпа каналдар кеңейтілді. 6,7 шақырым арықтар тазаланды.

Аудан аумағында улы заттарды шығаратын кәсіпорындар жоқ, алайда төтенше жағдайлар болған жағдайда алдын ала жасалынған алгоритм бойынша кесте жасалынған.

Қазығұрт ауданында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 5 қызметкері, сонымен қатар №13 өрт сөндіру бөлімі, №28, 37 өрт сөндіру бекеттері орналасқан жалпы 84 жеке құрам қызметкерлері бар, 7 арнайы өрт сөндіру автокөлігімен 5 қосалқы автокөліктерімен қамтамасыз етілген.

Сондай ақ аталған өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерде тәулік бойы қызмет атқаруда. Ауданда орналасқан мекемелерге өрт тақтикалық жаттығулар, сейсмикалық жаттығулар, тактикалық жаттығулар кестеге сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар жеке құрам қызметкерлерімен төтенше төтенше жағдайлар орын алған да шомылу маусымында және көмір қышқыл газдың улануын алдын алу бойынша күнделікті үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізіліп, атқарылған жұмыстары бойынша Департаментке мәліметтер жолданып тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.