Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан жер көлемі 403 мың га. құрап отыр. 1993 жылы ауданға «Қазығұрт» деген атау берілді. Қазіргі таңда ауданға қарасты 13 ауылдық округ және 64 елді-мекендер бар. Аудан халқының саны 105 631-ді құрауда. Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарламасы бойынша ауыл шаруашылығы 2018 жылдың 8 айлық көрсеткіші 22086,7 мың.теңге құрап, аудан облыс бойынша 105,1%-бен үшінші орында тұрақтаған. Сәйкесінше өнімдер дәндік жүгері 2490 тонна, көкөніс 49000 тонна, бақша 14000 тонна, ақтүйнек 6900 тонна және масақты дақылдар 103052,3 тоннаны құраған. Тамшылатып суғару әдісі бойынша сәйкес 2950,0 га жетсе, жылыжайлар 20,5 га ұлғайып жалпы көлемі 121,5 га жетіп 36,6 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған. Ауданда 9050 бас мал бордақыланып, 14800 тонна ет өндірілді. Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша бүгінгі таңда 94 бірлік ашылып, тапсырма 103,3%-ға орындалған. Мәліметтерді талдау нәтижесінде 2017 жылдың 8 айында Қазығұрт ауданында ірі мүйізді қара мал 69691 бас болса, 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 73811 баспен 105,9%-ға артқан. Ауданда мұнан бөлек ет өнімі бойыншада бірқатар даму үдерісі байқалады мәселен 2017 жылы 12034,1 Тн құраса 2018 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша 14869,0 Тн ет өндіріліп 123,5 пайызбен артқандығын байқаймыз (кесте-2)

Кесте-1 Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығының өсім деңгейі

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдар саны

3 562

Шаруа қожалықтары

3 962

Өндірістік кооперативтер

117

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

99

Аудан бойынша ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер

275 086 га

Нақтыланған егістік жер көлемі

100 889 га

Суармалы жерлер

13 500 га

Телімі

87 389 га

 

Жайылымдық жерлер

133 460 га

Бау

4 212 га

Шабындық жерлер

30 905 га

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

22086,7 млн. теңге

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.