Қазақстанның Туркия Республикасымен сыртқы экономикалық байланыстарының қарқындылығы тек географиялық жақындық пен түсіндірілмейді.

Spread the love

Әлемдік транспорт коммуникацияларына ол салу қажеттілігі Түркия Республикасын сауда – экономикалық қатынас жасау приотитет болып табылатын қатарына жатқызады. Сонымен қатар ортақ мәсеелерге байланысты бетпе-бет әңгімелер жүргізудің маңызы одан кем емес. Қазақстан және Туркия Республикалары арасында қарым-қатынас жасау өзара тиімді болған және солай болып қала береді. Сондықтан да, өзара сапарлар мен әр түрлі дәрежелерде кездесуле ұйымдастыру, яғни екі жақты байланыстардың көлем аспектісі емес, екі ел арасындағы қарым-қатынастарға сапалық сипаттар беру қазақстан дипломатиясының алдында тұрған негізгі мақсат еді. Ол дегеніміз конструктивті саяси дилаог пен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды мемлекеттің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмей тиісті шеңберлерде жасау. Халықаралық аренадағы Қазақстан және Туркия Республикаларының мақсаты – барық мемлекеттердің тең құқылық негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Түркия Республикасы Таяу және орталық Шығыста Қазақстанның көне және тұрақты серігі болып табылады. Түркия соңғы он жыл ішінде саяси және экономикалық дамуында айтарлықтай жетістіктерге жетті өзінің халықаралық беделін нығайтуға, белсенді сыртқы экономикалық әрекет жасайды, демократиялық институттарын дамытуда және қоғамда айтарлықтай тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ататүріктің үш қағидасы – қауіпсіздік приоритеті, ресурстарды максимизациялау, дамыту және аймақтағы орталық рөл-сыртқы саясатының, экономикасының және елді ұлттық қауіпсіздігінің доктаринасымен бірден бір байланысы теориялық іргетасы болып табылады.Еркін нарық қағидаларын ендіруді және оны әлемдік нарыққа итеграцияланудың жылдамдатуды қарастыратын, МВФ пен МБРР-дің ұсыныстарына сай 80 жылдардың басында жасалған Түркияның әлеументтік- экономиялық даму концепциясы қиыншылықтарға қарамастан бірінен кейін бірі іске асуда. М.Йылмаздың башылығымен коалициялық үкіметтің үкімет  басынан кеткенінен кейін Президент С. Демирель «Береке» партиясының идері Н. Эрбакануша жақа кабинет құруды тапсырады. Береке партиясы мен «Адал жол» партиясы арасында келіссөздер жүргізудің нәтижесінде, партия лидерлері Н. Эрбакан мен Т.Чиллер 1996 жылдың 29 маусымында жаңа коалицияары өкіметтің құрылғандығы туралы мәлімдеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *