Қазақстанда орныққан тұрақтылық пен ауыз­біршіліктің арқасында елімізге инвесторлар ағылды

Spread the love

Дүниежүзінде бірінші болып атомнан бас тарту, Арқа төсінде айшықты жаңа елорда салу, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету, ғаламда басы бірікпей келе жатқан әртүрлі дін өкілдерінің басқосуын ұйымдастыру, Қысқы Азия ойындарын өткізу және күллі Ислам ұйымы конференциясына төраға болу сынды белестер бүгінде елімізді әлемге танытты. Бұлардың бәрі – ең алдымен Елбасының көреген саясатының арқасы. Осы ретте мені жеке таң қалдыратын бір жағ­дайды айтып өткім келеді. Тәуелсіздікке ие болған отыз 20жыл ішінде еліміз – Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жеткеніне қарамастан, әлем мойындаған жедел дамушы ел ретінде мойындалғанына қарамастан Елбасының ешқашан босаңсымауы, өзін-өзі жаныған тұлғалық ұмтылысы оған деген құрметті тек қана арттыра түседі. Елбасының: «Тәуелсіздік – тарихтың мәң­гіге берген еншісі емес, халықтардың мамыра­жай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал», деген сөзі баршамызға қосымша күш беріп, ел дамуы жолындағы міндеттерді аянбай атқаруға бастайды. Нұрсұлтан Әбішұлының және бір ерекше қасиеті – оның жаңашылдығы, прагматизмі, көрегендігі. Егемендіктің алғашқы жылдарында өзге Достастық елдері жағдайды қалай жақсартуды, экономиканы қалай көтеруді білмей отырғанда, Елбасы нарықтық реформаларды қолға алды. Барлық мемлекеттік нысандарды, ауылшаруашылық жерлерін жеке меншікке беріп, дағдарыстан шы­ғудың қамын қарастырды. Дамыған, өркениетті Батыс елдерін Қазақстан­ға инвестиция салуға шақырды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *