Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы Жас та тәуелсіз мемлекетті басқару – әлбетте, бұрынғы Кеңес Одағында ешкім арнайы үйретпеген ғылым. 1992 жылы жасалған тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясы қазақ ұлтының бауырмалдық ниетінсіз, біріктірушілік қабілетінсіз жүзеге аспайтын, тұрақты азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім идеалдарын бекітті. Әртүрлі этностық тегіне қарамастан, елдің барлық тұрғындары ортақ шаңырақ астына біртұтас халық болып ұйыса алды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықтарының форумында біздің басты игілігіміз–халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше буыны қалыптастырғанын атап көрсеттік. Әрі біз сол құндылықты қастерлей білуге тиістіміз. Дәл сол жолы Елбасымыз Н.Назарбаев алғаш рет шешуші диалог алаңы және этносаралық диалог тиімділігінің кепілі ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы стратегиялық бастаманы жариялады. 1993 жылдың 11 мамырында мен республикалық жиында «Қоғамның идеялық бірлігі – Қазақстандағы прогрестің алғышарты» атты бағдарламалық баяндама жасап, елдің өтпелі кезеңде шешуі керек жалпыұлттық міндеттерді көрсетуге тырыстық. Елбасымыз өз сөзінде нақты тәуелсіздікке қол жеткізу әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғана емес, сондай-ақ саяси, интеллектуалды, рухани қолдауды талап ететінін атап көрсетті.  Әрі бұл орайда қоғамды біріктіретін ахуал қалыптастырмайынша болмайды, ал ол үшін таяудағы, сондай-ақ болашақтағы көкжиектерге есептелген біздің стратегиямыздың идеялық сарабы қажет екенін баса көрсете білді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.