Қазақстан – Тәуелсіздіктің тұғыры

Spread the love

Адам жақсылыққа тоймайды. Шығыс даналығына сай, «Жақсылықты үнемі жасап отыру қажет» деген тәмсілге сүйенсек, жақсылық жасаған адамның да жақсылығын ұмытпай, үнемі жадында ұстап, айтып отыру қажет. Мұны айтып отырғаным, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күмән мен күдікке толы сонау жылдардан бастап, туған халқының тағдырына қатысты мәселелерді жүз ойланып, мың толғанып оң шешімін табуы үшін түн ұйқысын төрт 9 бөлгенін жақсы білеміз. Ол Қазақстан халқын құрайтын сан ұлт өкілдерінің өзара татулығына арқа сүйеді. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, ұлттар достығы деген сөзді шегелеп жеткізді. Бұл мәселеге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған жұмысы киелі шаңырақтағы бірліктің уығын бекітіп, шаңырағын шаттыққа бөлегеніне күн сайын көз жеткізіп келеміз. Елбасы бұл мәселеде де аса көрегендік танытып отыр. Міне, қоғамда қалыптасқан бүгінгі ахуалға байланысты Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» халыққа арнаған Жолдауында тың міндеттерді алға тартты. Халық оны ынта-ықыласпен қабылдады. Дағдарыс төрімізге шықпаса да есігімізді қағып, дүрбелеңге толы дүниенің әрбір күні көңілге алаңдаушылық әкелді. Сөйтіп, санаға салмақ салып отыр. Бірден айту керек, Жолдау көңілдегі көп күдікті сейілтті. Алаң көңілді орнына түсірді. Уақытша қиындықтарды жеңетінімізге, жүзеге асырылып жатқан түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде болашағымыз жарқын болады деген сенімді нығайта түсті. Елбасы мұндай қиындықтар қазіргі әлемдегі экономикалық саясаттың салдарынан болып отырғанын, дағдарыстың әлі де жаңа толқынының келетінін, оған дайын болу керектігін бұған дейін де айтқан. Жолдаудағы: «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз», деген тұжырымдар ойға оралады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *