Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері, аз уақыт ішінде үлкен беделге ие болуы – тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясатының арқасында жүзеге асты. Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдары жас мемлекетіміз жаһандық әлемдік үдерістерді түсінуде таяздық танытып, сыртқы саясаттың тек жекелеген бағыттарына назар аударса және жергілікті мәселелерді шешумен ғана шектелген болса – біз өзіміздің ұлттық мүдделерімізді қорғай алмай, әлемдік саясаттан тысқары қалар едік. Алайда біз кең ауқымды және көпсалалы серіктестік стратегиясын таңдап, мұндай жағдайға жол берген жоқпыз. Қазақстанның сыртқы саясатының өзегі – көпвекторлылық, яғни дәл өзіміз сияқты тең құқылы, конструктивті, жемісті және өзара тиімді диалогқа ынталы елдердің бәрімен өзара іс-қимыл серіктестігіне ұмтылу. Қазақстан заманауи, мықты, өзін қорғай алатын мемлекет болуы тиіс деп есептеймін. Ал халықаралық істерде жау іздеген ел емес, дос табуға ұмтылған ел үлкен жеңіске жетеді. Біз осы қағиданы берік ұстанам және осы бағытымнан ешқашан айныған емеспіз. Республиканың көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуы және әлемнің жетекші елдерімен тығыз, тең құқылыққа негізделген ынтымақтастықтың маңыздылығы жөнінде мен бірнеше рет жария түрде Елбасымыз Н.Назарбаев  айтқан болатын. Біз еліміздің болашағы – Қазақстанның Қытай, Ресей және мұсылман әлемі арасындағы экономикалық және мәдени байланыстырушы буын ретіндегі міндетін қалай орындайтынына байланысты екенін ылғи да айтып келеміз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.