Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қатысқан алғашқы Олимпиада — 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII  қысқы Олимпиада ойындары болатын.

Spread the love

Қазақстанның әнұранын Олимп шыңында тұңғыш рет Владимир Смирнов шырқатты. Атақты шаңғышы сол кезде бір өзі бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. 1996 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет Атлантадағы ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Әлемдегі ең ірі спорттық жарысқа алғаш рет қатысып жатқанына қарамастан Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медалге қол жеткізіп, командалық есепте 24-ші орынға табан тіреді. Медаль алған спортшылар, алтын медаль: боксшы Василий Жиров, (бұған қоса техникалық шеберлігі ең жоғары боксшыға берілетін Баркер кубогын жеңіп алды), балуан Юрий Мельниченко, бессайысшы Александр Парыгин. Күміс медаль: мерген Сергей Беляев (бір өзі екі күміс), боксшы Болат Жұмаділов, ауыр атлет Анатолий Храпатый. Қола медаль: боксшылар Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетов, балуан Мәулен Мамыров, мерген Владимир Вохмянин. Келесі қысқы Олимпиада 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өтті. Осыдан жиырма жыл бұрынғы жарыста Қазақстан командасы екі қола медаль алды. Оларды конькийші Людмила Прокашева мен шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алды. 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен жазғы Олимпиадада тәуелсіз Қазақстан атынан тұңғыш рет қазақ баласы алтын алды. Қазақстан құрама командасы бұл жолы 199 елдің ішінде 22-орынға жайғасты. Алтын медаль: боксшылар Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов, жеңіл атлет Ольга Шишигина. Күміс медаль: боксшылар Мұхтархан Ділдәбеков пен Болат Жұмаділов, балуан Ислам Байрамуков, велошабандоз Александр Винокуров. Өкінішке орай, 2002 және 2006 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында еліміз спортшылары жүлде ала алған жоқ. Ал 2004 жылы Афинада өткен жазғы ойындарда Бақтияр Артаев алтын медаль алды және ең шебер боксшыға берілетін Баркер кубогын иеленді. Күміс жүлде:  боксшы Геннадий Головкин, ауыр атлет Сергей Филимонов, балуандар Георгий Цурцумия мен Геннадий Лалиев. Қола жүлде: онсайсшы Дмитрий Карпов, боксшы Серік Елеуов, балуан Мхитар Манукян. 2008 жылы Бекинде өткен жазғы Олимпиада да біз үшін сәтсіз өткен жоқ. Қазақстандық спортшылар бұл сында 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Жалпы есепте 205 мемлекет ішінде 29-орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, бұл тізім допинг дауына байланысты кейін қайта шыққан шешім бойынша беріліп отыр. Алтын медаль: боксшы Бақыт Сәрсекбаев, ауыр атлет Алла Важенина. Күміс жүлде: дзюдошы Асхат Житкеев, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, балуан Нұрбақыт Теңізбаев. Қола медаль: балуандар Елена Шалыгина мен Марид Муталимов, боксшы Еркебұлан Шыналиев және Арман Чилманов (Тхэквондо). 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында биатлоншы Елена Хрусталева Олимпиада күмісін жеңіп алды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *