Іс жүзінде Қазақстанда күрделі сыртқы саяси міндеттерді шешуге өкілетті кәсіби дипломаттар болмады. Кеңестік дәуірде Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде негізінен хаттамалық шаралармен және халықаралық мәдени әріптестікпен айналысатын бірнеше адам ғана жұмыс істеді. Күрделі міндеттер шешу алдында тұрған біздің еліміздің, дәстүрлі саяси мәселелерді айтпағанда, шетелде бірде-бір өкілділігінің жоқтығын, сыртқы саяси мәселелердің қарапайым тәжірибелері де білікті мамандары да жоқтығын талай мәрте айтылды. Бастапқы кезде, басқа да жас тәуелсіз мемлекеттер сияқты, Қазақстанның халықаралық мүдделерін Ресей қорғады. Алайда мұндай амалсыз шара ұзаққа созылуға тиіс емес еді. Міндетті түрде өзіміздің сыртқы саяси және дипломатиялық жүйемізді жылдам құруымыз керек болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еуразиялық кеңістіктің болашағы әзірге беймәлім болды, біз шетелдік үлгілерді көрсоқырлықпен қайталамай, керісінше, тек өзіміздің ұлттық мүдделерімізді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын қалыптастырдық. Бірінші бүкілхалықтық президент сайлауы өткеннен кейін, келесі 1991 жылдың 2 желтоқсаны күні  қазақстандық сыртқы саясаттың негізгі принциптері мен басым бағыттарын белгіленді. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетіне орай аймақтық тар ауқымда шектеліп қалмауға тиісті еді. Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты болатын. Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністік бір-бірінің ерекшелігін білуіне және біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі жолында барлық мүмкіндіктерді есептеуге байланысты болатын. Дәл осындай саясат жүргізген мен Қазақстанның қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір құбылыстың алдын алатынымызға сенімді болдық. Қазақстанның геосаяси жағдайының ерекшелігін түсіну бізге әлемдік алыптармен көрші орналасқан жас мемлекетіміздің болашағын болжай білуге көмектесті. Көптеген адамдар әлсіздік факторы деп есептеген нәрсенің бәрін біз, керісінше, табыстың кепілі есебінде қарастырдық. Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы дәл осындай жағдайы біздің көпвекторлы сыртқы саяси бағытымыздың іргетасына айналды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.