Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік жариялаған отыз жылдан бері Н.Назарбаев қазақ көшінің негізін қалады, дамытты.

Spread the love

Елбасының «Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу – әрбір қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген өлеңді құрылтай мінбесінен әлемдегі әрбір қазаққа жолдаймын» деп шешіле айтқан сөзі қандастарымыздың жүрегін жылытты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуында тұңғыш президент Н.Назарбаевтың рөлі ерекше екенін мойындауымыз керек. Ол өзінің отаншылдық идеясы арқылы майталман саясаткер, әлем таныған ойшыл, ұлт көшбасшысы ретінде тарих сахнасынан орын алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Өткен ХХ ғасыр қазақ үшін қиянатты, өте ауыр ғасыр болды. 1921-1930 жылдағы аштықтан қазақтың тең жартысынан айырылдық. Кезінде ондай жағдай болмағанда, қазір қазақтың саны 50-60 миллионнан асып қалар еді. Одан кейін репрессия болды. 103 мың адам сотталды. Қазақтың 65 мың бетке ұстар зиялысы тұтқындалды. Оның 25 мыңы атылды. Қазақ үшін сөз айта алатын адамдардың тамырына балта шабылып, жойып жіберілді. Сол қиыншылықтар кезінде қазақтар жан сауғалап, дүниежүзіне шашырап кетті» деген сөздерін оқығанда арманда кеткен ел ардагерлері есімізге түсіп, көзімізге ыстық жас келеді. 1916 жылы және 1930 жылдары екі рет үркінде Қытайға қашқан елдің ұрпағымын. Біздің елде Көдек ­Маралбаев деген шашасына шаң жұқпаған ақын өткен екен. Оның «Он алтыншы жыл», «Албан тарихы», «Кең Текес», «Тұрғын елді аралау», «Бұл ­заман» секілді толғау-дастандары бір тайпа елдің басынан өткен қанды тарихтың айнасы іспетті еді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *