ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ.

Spread the love

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әр мақаласында халықтың денсаулығы мен жастардың білімі айрықша орын алатыны белгілі. Адамдардың  жағдайын  түбегейлі  өзгертудің,  өмір  сүру  жағдайын  жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл өткен сайын өсе түсуде. Өткен жылдары қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, бүгінде 631 млрд. теңге болды. Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық  көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды. Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды. Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда. Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы жылдары халықтың саны 14 млн-нан 19 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. Біз  қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз. «Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды. Республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Біз әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз. Жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды. Біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды. Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми- зерттеу университеті құрылды.

Медиаон ақпарат

249 сөз

ЗДОРОВЬЕ, ОБРАЗОВАНИЕ И БЛАГОПОЛУЧИЕ ГРАЖДАН КАЗАХСТАНА.

Как известно, в каждой статье Елбасы Н.А.Назарбаева особое место занимают здоровье народа и образование молодежи. Жизненно важно кардинальное изменение положения людей, улучшение условий жизни. Результаты проделанной работы становятся заметными. Среднемесячная заработная плата выросла в 9,3 раза. Средний размер пенсионных выплат увеличился в 10 раз. Реальные денежные доходы населения выросли в 16 раз. Объем финансирования здравоохранения с каждым годом растет. За прошедшие годы финансирование составило 46 млрд. долл. на сегодняшний день на сумму 631 млрд. тенге. тенге. Пять инновационных объектов здравоохранения: детский реабилитационный центр, центр Материнства и детства, Нейрохирургии, Неотложной медицинской помощи в Кардиологии и центров, входящих создан медицинский кластер. Во всех регионах страны созданы необходимые условия для получения качественных медицинских услуг. Быстрыми темпами развивается транспортная медицина, охватывающая медицинские услуги в самых отдаленных районах страны. Национальная система скрининга позволит выявить и предотвратить заболевания на ранней стадии. Внедрено бесплатное и льготное лекарственное обеспечение. В последние годы численность населения составляет от 14 млн. до 19 млн. человек. вырос до человека. Продолжительность жизни увеличилась до 70 лет. Мы последовательно проводим курс на развитие доступного и качественного образования. Реализация программы «Балапан» позволила охватить детей дошкольным образованием до 65,4%. Внедрена обязательная предшкольная подготовка, которая охватила 94,7% детей дошкольного возраста. По республике построено 942 школы, а также 758 больниц и других объектов здравоохранения. Мы развиваем сеть интеллектуальных школ и профессионально-технических колледжей мирового уровня. Количество грантов на получение высшего образования увеличилось на 182%. Мы приняли уникальную программу «Болашак», благодаря которой 8 тысяч талантливых молодых людей получили передовые знания в лучших университетах мира. В Астане создан современный научно — исследовательский университет, функционирующий по международным стандартам.

Медиаон информация

266 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *