«Қазақстан – 2030» стратегиясында біз еліміздің табысын жоспарладық

Spread the love

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде бүгінде «Қазақстан – 2030» мемлекеттік стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінгі күні 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекетіміз халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан  Каспий теңізінің айдынындағы  ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға  көршілермен  даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды. Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы жеке иелікте. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды.  Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті. ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс.

Медиаон ақпарат

236 сөз

В Стратегии » Казахстан-2030» мы планировали успех нашей страны

Благодаря взвешенной политике Главы государства Н.А.Назарбаева сегодня в стране досрочно выполнена государственная стратегия «Казахстан – 2030». На сегодняшний день большая честь подвести итоги реализации целого ряда параметров, достигнутых к досрочному выполнению Стратегии-2030. НАЦИОНАЛЬНАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ. Перед нами стояла задача развивать Казахстан, сохраняя целостность. Мы также выполнили планы. Впервые в истории наше государство установило четкие границы международного признания. Делимитирована государственная граница-а это 14 тысяч километров. Казахстан находится под надежным контролем за ситуацией в акватории Каспийского моря. В будущем угроза возникновения любых территориальных споров сейчас рассеивается. Мы не оставили потомкам спорных территорий с соседями. Мы создали сильную, современную, обороноспособную армию, действенную правоохранительную систему, обеспечивающую безопасность человека, общества и государства. Мы сохранили и укрепили внутриполитическую стабильность и национальное единство в стране, где проживают представители 140 этносов и 17 конфессий. Наша политика была успешной. Мы последовательно сформировали институты гражданского общества на основе модели демократического развития. Создан Институт омбудсмена по правам человека. У нас никогда не было многопартийности, сейчас работают партии, отражающие весь политический спектр нашей страны. У нас есть многопартийный Парламент, парламентское публичное правительство. Развивается гражданское общество, работают независимые СМИ. Действуют более 18 тысяч неправительственных организаций различных направлений. Существует около 2,5 тысяч СМИ, из них 90% находятся в частной собственности. Казахстан сегодня стал международным центром межкультурного и межконфессионального диалога. Именно в нашей стране прошли первые четыре съезда мировых и традиционных религий. В ХХІ веке Казахстан должен стать мостом диалога и взаимодействия Востока и Запада.

Медиаон информация

239 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *