Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов пен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаевтың қатысуымен брифинг болып өтті.
Брифинг 2 тақырыпта өрбіді: 1. Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігін сақтау; 2. Балық аулаудағы қауіпсіздік.
Алдымен модератор Мереке Жалғас аталмыш тақырыпқа кеңірек тоқталу үшін сөз кезегін азаматтық қорғау полковнигі Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Н.Ибрагимовке берді.
Спикер Н.Ибрагимов: «Жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан 2022 жылдың 10 айында облыс аумағында 395 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза болды, 4 адам жарақат алды.
Оның ішінде 2022-2023 жж. жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй секторларында 31 өрт оқиғасы тіркеліп, өрт салдарынан 2 адам қаза болды, 1 адам көмірқышқыл газымен уланды.
Өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде қызметкерлер 7589 тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігі жағдайын қарап, 25192 тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жылу беру маусымына дайындығын қадағалау үшін 20120 тұрғын үй секторы араланды. 149 рет тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.
2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 3500 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынған болатын. 2021-2022 жж. әлеуметтік жағдайы осал топтарға жататын тұрғын үйлерге 1843 дана датчик орнатылса, қалған 1657 дана датчикті 2022-2023 жж. жылу беру маусымында орнату жоспарланды. Қазіргі күні оның 1297 дана датчигі орнатылды. Қалғаны жылу беру маусымының соңына дейін орнатылатын болады.
Профилактикалық іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардан 62 қызметкер, Жастар орталығының, мемлекеттік емес ұйымдардың 155 еріктісі қатыстырылды. 1407 тұрғын үй араланды.
Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша «Үлгілі үй» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның нәтижесінде облыс аумағында «Үлгілі үй» ретінде 8 көпқабатты тұрғын үй анықталып (Қызылорда қаласы-5, Қазалы ауданы-3), белсенді тұрғындар мен жергілікті пәтер иелері кооперативінің өкілдеріне арнайы алғыс хаттар табысталды.

Полиция департаментін, жергілікті әкімдіктердің 7 қызметкерін, мемлекеттік емес ұйымдардың 27 еріктісін, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда филиалының 11 маманын қатыстырып, 19 рет жатақханаларда профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Жыл басынан бастап облыс аумағында 87 автокөліктегі өрт оқиғасы орын алды.
Облыс аумағында автомобильге газ құю бекеттері 143. Айта кететін жағдай «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР ТЖМ 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына орай (1367 тармағы) автомобильге газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салынған. Облыс аумағында тұрмыстық газ баллондарды толтыру жұмыстарымен заңды түрде «ТұранГаз» ЖШС мекемесі ғана айналысады.»
Одан соң спикер А.Тоғызбаевқа сөз берілді.
А.Тоғызбаев: «Су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, қауіпсіздікті сақтау маұсатында 63 профилактикалық рейд жүргізілді.
6605 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша қызметкерлер, еріктілер рейдке жұмылдырылып 6605 тұрғынға (оның ішінде 849 жасөспірім) түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қала аумағында адам көп шоғырланған орындарда дауысзорайтқыш арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балық аулаушыларға арналған дүкендерде жадынамалар ілініп, келушілер мен сатушыларға түсіндірілуде.
Ағымдағы жылы су айдындарында 29 адам қаза болды, ал балық аулау кезінде 1 адам қаза болды.
Су айдындарында жыл басынан 11 адам құтқарылды.
Балық аулау мен аң аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын ұмытпаңыз.
— Алдымен қайықты мұқият қарау керек. Ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған шелек болуы қажет;
— Құтқару құралдарынсыз қайыққа отырған тұлғаға ескерту шарасы көріледі немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 583-бабы) салынады;
— Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңға шығуға болмайды;
— Қайықтың жарамдылығын, құтқару жилетімен және шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет;
— Қайықта шелек немесе суды құйып алатын кез-келген ыдыс болуы қажет;

— Өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құрал болуы тиіс.
Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз балық аулау бойынша 419 дерек тіркеліп, айыппұл салынды.
Облыс су айдындарында 16 тыйым салынған және 47 қауіпті участок анықталды. 27 ескерту тақтайшасы мен 11 биллборд орнатылды.
Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын канал, 207 көл облыс аумағында орналасқан.»

Түркістан облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.