karttar

Қалада «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жыл басынан бері 14 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда орталықтың 2 бөлімшесі бар. Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат, ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін алады.

2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші, АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), ән айту залы, әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.

— Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715-ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтыру және йогамен айналысады, — дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.

Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.

«Белсенді ұзақ өмір орталығы» туралы толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.