Шымкент қаласында тұратын Нина Мосунова екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, бүгінде көзі тірі үш майдангердің бірі. Соғыста пулеметші, радист болған қарт жауынгер биыл 100 жасқа толып отыр.
🔷 Соғыс ардагері Нина Егорқызы Мосунова
1924 жылы 9 наурызда Татарстан-Урустамак елді мекенінде туылған. 1939 жылы мектеп бітірген соң ауыл шаруашылығы фермасына жұмысқа тұрып, 1940 жылы ферма меңгерушісі болып сайланды. 1942 жылы 18 жасар бойжеткен қазан айында әскерге өз еркімен алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын иеленіп, Горький қаласына ауысты.
🔷 1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметші болып қатысып, 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етті. Онда радистер бөлімінің командирі болды. 1944 жылы Урустамак елді мекенінде жұмыс істеді. 1945 жылы Башкирияның Октябрьск қаласына көшті. 1945 жылдан 1946 жылға дейін кассир, 1948 жылы кітапханашы болып жұмыс істеді. Нина Егорқызы 1948 жылы ол Қазақстанның Шымкент қаласына көшіп келген.
🔷 1948-1955 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істейді. 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» басқармасында хатшы-машинистка болып орналасты. Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталған. Қазір баласынан 2 немере 5 шөбере сүйіп отыр.
Қамал гарнизоны үлкен шығынға ұшырады. Қамалды қорғаушылар әрбір үй, әрбір қабат, әрбір бөлме үшін жан алып, жан берісті. Тек 24 маусымға қараған түні ғана жау Волын бекінісінің негізгі объектілерін басып алды. Тересполь объектілерін алу үшін олар тағы бір апта арпалысты. Фашистер бұл майданда отатқыштарды, уландырғыш заттарды қолданып, бекініс-жертөлелерді су астына батырды. Шілденің 20-сы күні ғана майдан шебі шығысқа, Смоленскіге қарай ауысты да, айқас толас тапты. Жау 44-атқыштар полкінің майоры П.М. Гавриловты тек 23 шілдеде жаралы күйінде ғана қолға түсірді, ал сол қанды шайқаста ерлік көрсетіп, аман қалған жауынгерлерін алып шыққан лейтенант Н. Плужников 1942 жылы 12 сәуіріне дейін басқа майдандарда соғысты. Брест қамалын қаїармандықпен қорғаған 33 ұлттың өкілдері арасында қазақстандық жауынгерлер В. Лобанов, Р. Хабибуллин, Айтбаев, И.С. Арыскин, И. Волнистов, Д. Жақыпов, Жампейісов, К. Иманқұлов, П.А. Карболин, М. Ниязов, К.Байжігітов, Ф.Д. Виволанец, С.Н. Лебедов, И.Е. Черемнов, М.И. Карслиев, А.Сабырбаев, Г.Д. Деревянко, т.б. болды. Цитадельде, Тересполь қақпалары мен орталықтағы қиян-кескі шайқаста 333-атқыштар полкінің құрамында Бейсембеков, В.Н. Горянов, С. Ушуров, В.Д. Жищенко, М.И. Кобзарев, т.б. қаїармандықпен соғысты. Брестің оңт.-шығыс бөлігін алғаш қорғаушылар арасында болған Ғ. Жұматов есімі де құрметпен аталады. 1956 жылы цитадельдегі казарманың сау қалған бөлігіне Брест қамалы қорғанысының музейі орналасқан болатын. 1971 жылы оның негізінде мемориалдық ансамбль ашылды. Бауырластар зираты оның құрамдас бір бөлігіне айналды. Зиратта қамал қорғау жолында ерлікпен шейіт болған 850 кісі жерленген. Олардың 213-інің есімі анықталған. 1965 жылы 8 маусымда Брест қамалына “Батыр-қамал” атағы берілді.