ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МИНИСТРІ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ІС-САПАРЫНДА

ҚАРҚЫНДЫ ӨНЕРКӘСІПТІК БАҚ ӨСІРУ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би ауылында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқаратын Болатбек Нәжіметдинұлы «Тамшылатып суғару әдісімен қарқынды өнеркәсіптік бақ өсіру» іске асырылған жобасымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевті таныстырды.

Министр кәсіпорынның ішінде алма жемістерінің сорттары, сақтау қоймалары, шырын дайындап шығару әдісі, сонымен қатар жер көлемі жағынан 302 гектарға жуық баудағы алма және қара өрік жеміс ағаштарын өсіру барысымен танысты.

Жоба бойынша 2013-2016 жылдар аралығында 102 гектар жер теліміне алма, 5 гектар жер теліміне қара өрік көшеттері отырғызылған. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Бақ заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, тамшылатып суғару әдісі және шпалерлі жүйе қолданылған. Ашылған жұмыс орны — 77 адам. 2020 жылы бақтан 4000 тонна алма, 100 тонна қара өрік өнімі жиналған.

Бүгінгі таңда «Заманауи технологиялы сыйымдылығы 15500 тонналық көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма» іске қосылған. Бұдан алдын 2017 жылы 8200 тонна, 2019 жылы сыйымдылығы 7300 тонналық қойма іске қосылған.

2018 жылы кәсіпорында Тауарлы емес (падалица) алманы қайта өңдейтін цех іске қосылып, 12 жұмыс орны ашылған. Жобаның қуаттылығы жылына 11,0 мың тонна тауарлы емес алманы қайта өңдеп, 7,7 млн. литр алма шырынын шығару. Бүгінгі таңда тұрақты жұмыс атқаруда. Жобалардың жалпы құны 6,17 млрд. теңгені құрады.

Одан бөлек, Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан АШӨК 16 кәсіпкерге лизингтік негізде 80 гектар жерге бау егіп, 1,1 млрд. теңге, 2020 жылы «Алмалы С» ЖШС-і 118 гектар бау егіп, 1,0 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Жалпы 1,7 млрд теңгеге техника алынған. Ауданға жалпы 10 млрд. теңге инвестиция тартылды.

2021 жылы әр гектар жерден 250 ц/га өнім алуда. Бүгінгі таңда 5000 тонна өнім алынды.

Жоба бойынша мемлекеттік инвестициялық субсидиялар тұрақты берілуде. Серіктестің өндірген өнімдеріне сұраныс жоғары. Табиғи және таза өнімдерді Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарына сатылымға шығарылуда.

Аралау барысында министр өзекті мәселелер бойынша оңтайлы шешім қабылдау үшін зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданатынын түсіндіріп, алма бау шаруашылығының нәтижелі жұмысын қолдап, өзге өңірлермен аталған серіктестіктің тәжірибесімен алмасу қажеттілігін айтты.

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#сайрамауданы#

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.