ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІП, ЖАНАШЫР БОЛА БІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Spread the love

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға көрсететін қызметтерінің бірі – ол үйде қызмет көрсету.

Әлеуметтік сала қызметкері Элмира Әлиеваның көмекке мұқтаж қариялар және ерекше жандарға қамқорлығы мен көмегін аямай келе жатқанына міне, 13 жыл болды.

2008 жылдан бері мүгедектер мен қариялардың үйіне аптасына екі рет барып, азық-түлік пен дәрілерін әкеліп, медициналық жәрдем көрсетеді және үйде гигиеналық тазалау жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Өзінің қамқорлығындағы әр адамға ерекше күтіммен қарап, барлығының көңілін табады.

Э. Әлиеваның басты өмірлік ұстанымы – кембағал жандарға қамқор болу, көмегі мен шапағатын аямау. Әлеуметтік қызметкер еңбегі үшін жиі қариялардың алғысына бөленеді.

Бүгінде Шымкент қаласында 1000-ға жуық жандарға үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде жалғызілікті қарттар, мүгедектігі бар азаматтар мен психоневрологиялық ауруы бар ерекше жандар бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *