Түркістан облысында ауа райының нашарлап, қалың тұман түсуіне байланысты полицейлер жүргізушілерге ескерту жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады Қазгидромет: Наурыздың 21-і күнгі күн райы болжамы Шығыс Қазақстанда 3 баланы көлік қағып кетті Бельгияда карнавалға қатысып жатқан адамдарды көлік қағып, 4 адам мерт болды «Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, Ордабасы мен Бәйдібек аудандарының 15-134 шақырым бағытында Шымкент-Самара тасжолында қалың тұман мен нөсерлі жауынға байланысты жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз!», — делінген хабарламада. Қалың тұман жүргізушілердің жолда жүруіне кедергі келтіруде. Тауға жақын аймақтарда жауған жауыннан асфальт беті көлік доңғалақтарының қозғалуына қиындық туғызуда. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары трассалардың бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кезекшілік атқарып жатыр.