Шымкент қаласының тұрғыны Жадыра Божаева — 6 баланың анасы. Ол бала күнінен қолөнерге қызығып, тігін тігуді жақсы көрген. Қазір көп балалы ана, мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ісмер ана, өткен жылы мемлекеттен берілген өтеусіз қаржыға қол жеткізіп, тігін машинасын сатып алған. Қазір құрақ көрпе мен қыз жасауына тапсырыс қабылдап, шағын ісін жүргізіп келеді.

«Екі апта онлайн курстан өттім. Кейін бизнес-жоспарымды әзірлеп, сертификат алдым. Арнайы комиссия алдында жобамды сәтті қорғап, 583 400 теңге қайтарымсыз грант алдым. Мемлекет берген қаражатқа тігін машинасын сатып алдым. Қазіргі кезде тапсырыспен құрақ көрпелерді тігемін. Ағайын-туыс, көршілерім маған жүгінеді. Болашақта өз орталығымды ашып, көпке пайдамды тигізсем»,- дейді Жадыра Божаева

Биыл, Шымкент қаласында бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 1 195 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Олардың басым бөлігі жылқы, ешкі шаруашылығы, тігін цехы, бөдене өсіру, кондитер өнімдерін дайындау, сұлулық салонын ашу сияқты кәсіп түрлерін дамытуды қолға алған. Бұл мүмкіндік еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып, жастар, көпбалалы аналар, аз қамтылған, мүгедек бала асырап отырған отбасылар сынды санаттар бойынша берілген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.