Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
«Business Plas» көбік түйіршікті полистирол өндіру цехының иелері осыдан екі жыл бұрын 5 млн теңгенің грантын ұтып, қаржыға қондырғылар сатып алған. Мемлекет қолдауымен өндірісін ұлғайтқан кәсіпорын жылына 10 мың текше метр полистирол шығарып, ішкі нарыққа сатуда. Өнім көлемін арттырғысы келетін кәсіпкерлер бизнесті кеңейту үшін қосымша жер қарастыруды сұрады. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізген Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға цех ашу үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер телімін бөлуді тапсырды.

Жобаның тиімді тұстарының бірі – мұндағы бір айлық оқуға қатысқандарға шәкіртақы да қарастырылған. Кәсібін ашуға ниеттенгендерге білікті бизнес-тренерлер дәріс беріп, кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретеді. Мәселен, Шу ауданы бойынша биылдың өзінде 700-ге жуық тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болса, оларға барлығы 345 миллион 900 мың теңге қаржы бөлініпті. Дәлірек айтар болсақ, 395 көпбалалы отбасылар, 18-29 жас аралығындағы 213 жас және мүмкіндігі шектеулі 16 азамат 550 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Оның ішінде 599-ы мал шаруашылығына қатысты кәсіп бастаса, 25 азамат құс шаруашылығын дамытуды қолға алыпты.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан бойынша жылыжай ісін дамытуға құлшыныс білдіріп отырғандар саны да күн санап артып келеді. Солардың бірі – аудан іргесінде орналасқан Белбасар ауылының тұрғыны Медет Мұқатай.

Оқу-әдістемелік құралдарын шығарумен айналысатын «Automations» цехының иелері де 3 млн теңгенің қайтарымсыз қаражатын алып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Қазір дуальды оқыту бағдарламасы аясында өнімдерін жергілікті колледждерге сатуда. Кәсіпкерлер алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, қала мектептерін отандық әдістемелік құрылғылармен қамтуды жоспарлауда.
Қала әкімі тиімді жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, бизнеске қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.