Үшінші мегаполисте 12 тамыздан бастап қайтарымсыз грант берудің үшінші легі бойынша комиссиясының отырысы басталған болатын. Осы күнге дейін  кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша 700-ден аса үміткер комиссияның алдында жобаларын қорғап шықты. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.
Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 тг. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал грант иегері атанғандар тиісті қаржы есептерін арнайы business.enbek порталы арқылы тапсырып отырады.
Жалпы үшінше лекке 1062 адам өтінім берген. Санаты бойынша оның — 200-і жастар, ал 862-і осал топ өкілдері.

207

 

Әзірге комиссия мүшелерінің шешімімен 177 азаматтың жобасы қабылданды. Азаматтардың басым бөлігі ұсынған бизнес жобалар – жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, қызмет көрсету салалары және мал шаруашылығына қатысты.
Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.
Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 тг. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал грант иегері атанғандар тиісті қаржы есептерін арнайы business.enbek порталы арқылы тапсырып отырады.
Жалпы үшінше лекке 1062 адам өтінім берген. Санаты бойынша оның — 200-і жастар, ал 862-і осал топ өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.