Ұлытау облысын құру – бабалар рухына көрсетілген тағзым әрі әділ баға деп ойлаймын. ҚР Президентінің Жолдауына пікір білдірген Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Талғат Мұсабаев ғарыш орталығының қызметкерлерімен кездесті Жастар Жаңа Қазақстанды құруға атсалысуға дайын Сауалнама: Астаналық жастардың 54 пайызы сайлауда электронды дауыс беруді қолдады Ұлттық құрылтайда ассамблея мүшелері де болуы керек – Аида Балаева «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін арттыру қажеттігін атады. Әсіресе, төменгі палата Мәжілістің өкілеттігін кеңейтіп, заң шығару құқығын иелену мәселесін жүзеге асыруды тапсырды. Одан бөлек, азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән беру қажеттігін, олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді және мәслихаттардың облыс әкімдерін тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізуді тапсырды. Өз кезегінде, бұл өзгерістердің мәслихаттардың ықпалын күшейтуге, мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтуға қосар үлесі мол болары сөзсіз», — дейді ол. Қ.Балабиевтің айтуынша, Мемлекет басшысы халықтың ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті тұрғындардың мемлекеттік қызмет алу сапасын жоғарылату және олардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында Семей аймағында Абай облысын құруды, оның орталығы етіп Семей қаласын белгілеуді ұсынды. «Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, ойшыл, саяси қайраткер – Абай Құнанбайұлы еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Абайдың құрметіне аталған көшелер Қазақстанда ғана емес, Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде де бар. Сондықтан, Абай облысын құру өте орынды шешім деп білемін», — дейді Қайрат Рахымұлы. Сонымен қатар, Президент бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құрып, Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болатынын айтты. Президент бұл шешімдердің тек экономикалық емес, рухани жағынан да маңызды екендігін жеткізді. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы. Далалық өркениет көне мәдениетінің нақ кіндігі. Ұлытауда Жошы хан мен түркітілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтеріліп, есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халық ауыз шығармашылығында мәңгілік сақталған Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едіге де осында жерленген. Сондықтан, Ұлытау облысын құру – бабалар рухына көрсетілген тағзым әрі әділ баға деп ойлаймын», — дейді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.