Қадірменді ардагерлер, құрметті әріптестер! Сіздерді, 19 қазан – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Мемлекет басшысының Жарлығымен 1995 жылғы 19 қазанда құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді. Биыл құтқарушылар күні болып бекітілгеніне 27 жыл толып отыр.
Қазақстандық құтқарушы» мәртебесіне ие болған баршаларыңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қызметтік міндеттеріңізді орындаудағы еңбектеріңізге табыс, таусылмас күш-қуат, мол бақыт тілеп, жетістік пен табысқа жетулеріңізге тілектеспіз!