Ағымдағы жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер жағдайында арандатушылардың ықпалына түскен және қылмыстық әрекеттер жасаған адамдарды жазасын өтеуден босатуға бағытталған «Рақымшылық туралы» Заң 03.11.2022 жылы заңды күшіне енді.
Бұл ретте сотталғандарға рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді сот әрбір адамға қатысты жеке қабылдайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл рақымшылық қаңтар оқиғаларына қатысушыларға ғана қатысты бір реттік акт болып табылады. Сондықтан рақымшылық туралы Заңға ағымдағы жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық қудалау органдары тіркеген қылмыстық құқық бұзушылықтар енгізілді.
Бұл ретте рақымшылыққа жатпайтындар: жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, билікті асыра пайдаланған және азаптаған адамдар, рецидивистер, зорлаушылар, террористер мен экстремистер, яғни қылмыскерлердің ең қауіпті бөлігі.
Айта кету керек рақымшылыққа жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты емес, дегенмен заңда көрсетілген уақыт аралығында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар да жатпайды.
Әрбір қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары және оның ағымдағы жылғы қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге байланысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында анықталды.
Әрбір іс-әрекет бойынша олардың жасалуының барлық мән-жайлары мен шарттары нақтыланды және құқықтық баға берілді, яғни сол күндері жасалған барлық құқық бұзушылықтар бойынша рақымшылық жасалатын адамдардың тізімі бар.
Айта кететін жайт, рақымшылық адамды ақтамайды және құқықтарын қалпына келтірмейді. Рақымшылық — бұл нақты жасалған қылмыс үшін кешірім. Ол тек жазадан босатуға немесе оның мерзімін қысқартуға бағытталған.
Сондықтан рақымшылық жасау адамды ақтамайды, оны қолдану оған шектеулі сипаттағы белгілі бір құқықтық салдарға әкеледі.
Мысалы, мемлекеттік қызметке, құқық қорғау органдарындағы қызметке түсуге тыйым салу және т.б.
Сонымен қатар рақымшылық келтірілген залалды өтеу міндетінен босатпайды. Сондықтан әлі сотталмағандарға рақымшылық жасау олардың келісімімен ғана қолданылады, өйткені рақымшылыққа келісе отырып, ол өзі үшін кешірім қабылдап, қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін мойындайды.
Сотталған адамдарға қатысты жазаны орындайтын орган сотқа рақымшылық жасау туралы ұсыныс жібереді. Сонымен қатар егер сотталған адамның өзі жасаған әрекеті рақымшылық туралы Заңның ережелеріне сәйкес келсе, оған рақымшылық жасау туралы сотқа өздігінен тікелей өтініш жасауға құқылы.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының пробация қызметінде есепте тұрған 33 адам (25 қаралды), қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 7 адам рақымшылыққа жатады (барлығы қаралды).
Қалғандары бойынша материалдар сотта қаралуда.
Шымкент қаласының прокуратурасы
«АМНИСТИЯ УЧАСТНИКОВ ЯНВАРСКИХ СОБЫТИЙ»
03.11.2022 года вступил в законную силу Закон «Об амнистии» направленный на освобождение от отбывания наказания лиц, подпавших под влияние провокаторов и совершивших преступные деяния в условиях массовых беспорядков в период с 4 по 7 января текущего года.
При этом окончательное решение о применении амнистии к осужденным принимается судом индивидуально в отношении каждого лица.
В соответствии с поручением Главы государства данная амнистия является единоразовым актом, касающимся только участников январских событий. Поэтому в Закон об амнистии были включены уголовные правонарушения, зарегистрированные органами уголовного преследования в связи с массовыми беспорядками в январе текущего года.
При этом под амнистию не подпадают – организаторы массовых беспорядков, лица, совершившие превышение власти и пытки, рецидивисты, насильники, террористы и экстремисты – то есть, наиболее опасная часть преступников.
Стоит отметить, что под амнистию также не подпадают уголовные правонарушения, не связанные с массовыми беспорядками хотя совершенные в период времени указанные в Законе.
Обстоятельства каждого уголовного правонарушения и связь его с беспорядками, произошедшими в январе текущего года, установлены в ходе досудебного расследования и судебного разбирательства.
По каждому деянию выяснены все обстоятельства и условия их совершения и дана правовая оценка, то есть по всем совершенным в те дни правонарушениям имеется список лиц, на которых распространяется амнистия.
Необходимо отметить, что амнистия не оправдывает человека и не реабилитирует. Амнистия – это прощение за фактически совершенное преступление. Она направлена только лишь на освобождение от наказания либо сокращение его срока.
Поэтому амнистия не реабилитирует человека и, следовательно, ее применение влечет для него определенные правовые последствия ограничительного характера. К примеру, запрет на госслужбу, службу в правоохранительных органах и т.п.
К тому же амнистия не освобождает от обязанности погасить нанесенный ущерб. Поэтому к тем, кто еще не осужден, амнистия применяется только с их согласия, так как, соглашаясь на амнистию, он фактически признает факт совершения им уголовного правонарушения, принимая за него прощение.
В отношении уже осужденных лиц орган, исполняющий наказание, направляет в суд представление о применении амнистии. Помимо этого, сам осужденный вправе ходатайствовать непосредственно в суд о применении к нему амнистии, если совершенное им деяние подпадает под положения Закона об амнистии.
На сегодняшний день из состоящих на учете в службе пробации г.Шымкент под амнистию подпадают 33 лица осужденных не связанных с изоляцией от общества (25 из них рассмотрены), а также 7 лиц, отбывающих наказание в местах лишения свободы (все рассмотрены).
Материалы по остальным рассматриваются в суде.
Прокуратура города Шымкент

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.