Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының бүгінде 55 пайызы атқарылды.

514

 

Жобаға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазіргі таңда, негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95 пайызға орындалды. Мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысын ашу жоспарлануда.

Қаратау ауданының аумағында бүгінде 494 көпқабатты үй бар. Олар 155 аулаға біріктірілген. Қолданыста 128 ойын алаңшасы мен 70 спорт алаңшасы бар. Өткен 2022 жылы ауданымызда 41 аула абаттандырылып, 10 спорт алаңшасы салынды. Бұл жұмыс биыл да жалғасып жатыр. Биыл 34 ауланы абаттандырып, онда 7 спорт алаңшасы салуға 1 миллиард 460 миллион теңге бөлінді, — деді Р.Мүлкеманов.
Қаратау ауданында басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселсе, жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 ішкі орамдық көшеге шағал тас төселеді.

Қаратау ауданының аумағында бүгінде 494 көпқабатты үй бар. Олар 155 аулаға біріктірілген. Қолданыста 128 ойын алаңшасы мен 70 спорт алаңшасы бар. Өткен 2022 жылы ауданымызда 41 аула абаттандырылып, 10 спорт алаңшасы салынды. Бұл жұмыс биыл да жалғасып жатыр. Биыл 34 ауланы абаттандырып, онда 7 спорт алаңшасы салуға 1 миллиард 460 миллион теңге бөлінді, — деді Р.Мүлкеманов.
Қаратау ауданында басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселсе, жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 ішкі орамдық көшеге шағал тас төселеді

Жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.